Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Арылу 3887 2 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 09:54

Ұрлағандарын доллармен офшорлатады да  «доллардан құтылу керек» дейді

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдеріндегідей қазақ теңгесі да сағат сайын құнсызданып барады.

АҚШ-қа ерегескен Ресей министрі "Доллармен есеп айырысудан бас тартуымыз мүмкін..." - депті. Біздікі онысыз да орыстың қабағын аңдып отырған бейшаралар. Таяу арада  оларға жағымпазданып, осындай бірдеңені бықсытуы әбден мүмкін.

Түркияның Ердоғаны неше күн болды лираның құнсыздануын АҚШ-тан көріп, доллардан құтылудың жолын іздеуде. Өзі Ресейдің алдында жалпаң қағуда.

Жә, дұрыс делік.

Әлем ақпарат құралдарының жазғандарына қарағанда біздің бір мықты немесе мықтылар 350 миллиард АҚШ долларын ұрлап, офшор асырған дейді.

Путиннің де, Ердоғанның да және басқа «мәңгілердің де» ұрлап, офшорға тыққандарына сан жетпейді дейді білгіштер.

Егер осылар шын мықты, халқының жағдайын ойлайтын нағыз көсемдер болса, ана офшорларға тыққан миллиардтарын бірден ұлттық валютаға айырбастап, өз елдерінің кассаларына салсын дер едім.

Өздері бар ұрлағандарын доллармен офшорлатады да  «доллардан құтылу керек» деп неге сандырақтайды екен?

Бүгінде билік басындағы құдайлардың ұрламағандары, доллармен тықпыштамағандары жоқ екен.

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым...»(Абай), сонымен кімге бұлар доллардан қалай құтылмақшы екен?

Мен түсінбедім...

Бейсен Нарынбай

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061