Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 9 Наурыз, 2011 сағат 04:13

Жағажай волейболынан Иранда өткен жарыста қазақстандық командалар 1-2 орынды өзара бөлісті

АЛМАТЫ. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлды/ - 5-7 наурызда Иранның Киш аралында жағажай волейболынан «Киш Оупен» Азиялық туры өтті.

Оған 10 команда қатысты.  Онда ел намысын Алексей Сидоренко мен  Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен  Алексей Кулешов жұптары қорғады. Олар бұл байрақты бәсекеде үздік шығып, 1-2 орынды өзара бөлісті. Бұған дейін қазақстандық жағажай волейболшылары 2-4 наурыз күндері осы аралда өткен  Құрлықаралық кубоктың 1-субаймақтық турнирінде бақ сынаған болатын. Ауғанстан,  Иран және  Қазақстан командалары арасындағы бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2-орын алып, жарыс қожайындарымен бірге жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Жалпы, бұл байрақты бәсеке 2012 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі саналады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406