Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 4634 1 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 06:35

"Мен де қайта туып көрейінші..."

1988 жыл болатын. Ғафаңның 60-жылдық мерей тойы Арқалықтан басталды. Арқалық қаласында облыстық партияның бірінші хатшысы қатысқан шығармашылық кеш Горняк мәдениет үйінде өтті. Одан кейін Амантоғайда, Аманкелді ауданында аталды. Жолдағы совхоздар Абай, Албарбөгеттен де күтіп алып, қонағасы берушілер болды.

Торғайда Ғафаңның ата бабасының туған жері Шұбалаң деген жер бар.

Шұбалаң мен аудан орталығының арасында "Ғ.Қайырбеков атындағы оқушылар лагері" бар. Ғафаң, Бәдеш жеңгеміз, жазушы Сәкен Жүнісов, оның жұбайы мінген мәшинелер сол балалар лагеріне соқты. Тұрған жері керемет, суы мөлдір, тамаша демалыс орны екен. Қонақтар соған тамсанып біраз жүрді. Сосын олар балалар асханасынан нан ауыз тиді.

Содан шығып, Мерей тойды тойлаушылар Торғайға жақын, лагерден бір шақырымдай жерде тұрған Торғай өзеннің Батпақсуат деп аталатын жағасына келді. Суат десе дегендей, суға апаратын жалғыз аяқ жол бар екен, жан жағы қопа. Негізінен осыдан алпыс жыл бұрын Ғафаңның туып, кіндігі кесілген жері осы. Сол суатқа келіп көп мәшинелер үйіріліп тұра қалды. Ғафаң бастаған топ мәшинелерінен асықпай түсті. Басқа мәшинелерден бір топ әйелдер түсіп, ақынға қарай жамырай келіп, өзі жеп жеңіл Ғафаңды қолдарына көтеріп алды. Сөйтсе, бұлар жеңгелері екен, "Қазір сені туған жеріңе аунатамыз!" деді.

Ғафаң жеңгелерінің айтқанына көнген.

"Ал, аунатсаңдар, аунатыңдар, мен тағы бір туып көрейін" деген.

Жеңгелері Ғафаңды сөйтіп өзен жағасына бір бір аунатып алған. Сол жерге Бәдеш жеңгеміз бір уыс күміс теңге шашты.

Оны "Ғафаңның жасын, абыройын берсін" деп теріп алып жатқандар болды.

ҒАФУҒА

(арнау өлең)

Батпақсуат өзеннің бергі беті,

Су алуға келіншек барған кезде,

Батпағы сәл тобықтан асар еді.

Көктемде асып тасып, жарқыраса,

Жаз кезінде балық шолпып жатар еді.

Батпақсуат Ғафудың туған жері,

Демепті ешкім "Заманында болар сері"

Жағаға кеше қонған ошақты үйден,

Естіледі, жас келіннің "Бесік жыры".

Жұмат Әнесұлы

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499