Сенбі, 3 Қазан 2026
3437 2 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 09:49

Путин мен Бердімұхамедов Сочиде кездесті

15 тамызда Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов кездесті.

Кремль баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-ағарту және мәдени-гуманитарлық салада екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралған.

Reuters агенттігі Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, екі ел лидері негізінен энергия мәселелерін талқылаған деп хабарлайды.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Ресей түркімен газын сатып алу мәселесі қайта жаңғыруы мүмкін бе деген журналистер сұрағына, Песков ондай мүмкіндік бар деп жауап берген.

"Түркіменстан президентімен келіссөз барысында барлық саладағы екіжақты қарым-қатынас, оның ішінде энергодиалог та талқыланады" деген Песковтың сөздерін береді "Интерфакс".

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары болса, түркімен президентінің Ресейге сапары, келіссөздер жайында хабар таратпады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 575
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 832