Жамбыл облысында жол апатында 4 адам қаза болды, тағы 8 адам жарақатпен ауруханаға түсті
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының «Тараз-Аса» тас жолының 19 шақырымында үлкен жол апаты болды.
Микроавтобус пен «Мицубиси» жеңіл көлігі соқтығысып қалып, оқиға салдарынан 4 адам қаза болды, тағы 8 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, жол апаты 8 наурыз күні сағат 13.00-тің шамасында болған, соқтығысудан кейін екі көлік те өртенген. Оқиға орнында «Мицубиси» жүргізушісі мен микроавтобустың үш жолаушысы қаза болған. Микроавтобустың жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, зардап шеккендердің қатарында 6-7 жастағы балалар мен 16-17 жастағы жасөспірімдер бар.