Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2420 0 пікір 9 Наурыз, 2011 сағат 04:16

Қытай Араб елдеріндегі жағдайдың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды - ҚХР СІМ

БЕЙЖІҢ.  9 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -   Қытай,   араб елдерінің сарабдалдығына   және  олардың   өздеріндегі   тұрақтылық пен  дамуды  қалпына   келтіре алатындығына    сенімді.

Бұл туралы 8 наурызда Бейжіңде  өткен    баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы  істер министрлігінің   ресми өкілі Цзян Юй   мәлім етті. 

«Араб проблемаларын  реттеуде  Араб  мемлекеттері  лигасының     оң  және    сындарлы роль атқара беретіндігіне Қытай  үмітті»,  - деп   атап көрсетті Цзян Юй өз сөзінде.

Қытай  дипломаты хабарлағандай,  елдің  Сыртқы істер министрі  Ян Цзечи  дүйсенбі күні   Араб мемлекеттері  лигасының Бас хатшысы Әмір Мұсамен   телефон арқылы сөйлесті. Тараптар әңгіме барысында    қытай-араб  қатынастары    және Таяу  Шығыстағы    қазіргі ахуал туралы     пікір алмасты.

«Қытай   тарапы Таяу  Шығыстағы        жағдайға     жіті назар  аударып  отыр  және    орын алып жатқан қайшылықтардың  диалог  арқылы  шешілетініне,  мүдделі елдердің     егемендігіне,  тәуелсіздігіне және  аумақтық тұтастығына   негізделген    басқа да  бейбіт жолдармен  реттелетіндігіне  үміт артып  отыр»,   - деп атап  көрсетті Қытай сыртқы  істер    министрлігінің  өкілі өз сөзінде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407