"7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттар көбейіп барады
Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттар көбейіп барады.
Мысалы, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ. "Баспана" Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады. Мысалы, 25 - жылға берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды. Сонымен бірге, құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу "7-20-25" бағдарламасы болып табылмайды.
"Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда халықты алдауға түбегейлі қарсымыз", - деді, "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.
"Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандары, үй бағасы мен несие мерзіміне сәйкес, ай сайынғы төлемдердің кестесін әзірледі. Кез-келген жағдайда, артық төлемдерге бой алдырмас үшін, кестені пайдалануға кеңес береміз.
Үй бағасы | Несие мерзімі 5 жыл | Несие мерзімі 10 жыл | Несие мерзімі 15 жыл | Несие мерзімі 20 жыл | Несие мерзімі 25 жыл |
5 млн. тг. | Ай сайынғы төлем
79 205 тг. |
Ай сайынғы төлем
46 443 тг. |
Ай сайынғы төлем
35 953 тг. |
Ай сайынғы төлем
31 012 тг. |
Ай сайынғы төлем
28 271 тг. |
10 млн. тг. | Ай сайынғы төлем 158 410 тг. | Ай сайынғы төлем
92 887 тг. |
Ай сайынғы төлем 71 906 тг. | Ай сайынғы төлем 62 024 тг. | Ай сайынғы төлем 56 542 тг. |
15 млн. тг. | Ай сайынғы төлем 237 614 тг. | Ай сайынғы төлем 139 330 тг. | Ай сайынғы төлем 107 859 тг. | Ай сайынғы төлем 93 036 тг. | Ай сайынғы төлем 84 814 тг. |
20 млн. тг. | Ай сайынғы төлем 316 819 тг. | Ай сайынғы төлем 185 774 тг. | Ай сайынғы төлем 143 813 тг. | Ай сайынғы төлем 124 048 тг. | Ай сайынғы төлем 113 085 тг. |
25 млн. тг. | Ай сайынғы төлем 396 024 тг. | Ай сайынғы төлем 232 217 тг. | Ай сайынғы төлем
179 766 тг. |
Ай сайынғы төлем 155 060 тг. | Ай сайынғы төлем
141 356 тг. |
Abai.kz