Ағаға хат
"...Өзегіңде өкініш бар ма? Қолың жетпей қалған қыздың, пұлдың, өзің жайлы жазылмаған жырдың, біреуге деген көкейіңдегі кірдің өкініші керек емес. Шын өкінуді ұмытып қалмасаң жүрегіңнің түбінде оттай жанған, жаныңды шыжғырған бір сезім болуы керек. Үңілші. Ол – жылап жүрген ұлдың, бағытынан адасып қалған қыздың, тіпті, ұлардай шулаған ұлттың өкініші болуы мүмкін. Ол – қапаста құсадан өлген ойдың, ұрпаққа жетпеген сырдың, дер кезінде сөйлемеген тілдің өкініші болуы мүмкін... «Жоқ!» –десең ағалығың адыра қалсын, «Бар!» – десең жетеге жеткізіп айтқаның керек..."
АҒАҒА ХАТ (үзінді)
Серік ӘБІКЕННІҢ facebook парақшасынан