Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Белгілі саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарым Қазақстан Республикасының ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айдос Сарым 1975 жылы, 10-қыркүйекте дүниеге келген. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.
Ол осы уақытқа дейін “Ақжол” партиясының баспасөз хатшысы, “Жас Алаш” газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі сияқты бірқатар қызметтер атқарған.
Айдос Сарым бұл туралы facebook тағы парақшасында:
Бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі деген қоғамдық жұмысқа кіріспекшімін. Жақсы ой-ұсыныстар болса жұртпен кезігіп, соларды министрлік құзырына жеткізуге әзірмін. Бұл жұмыс ешбір осыған дейінгі тірлік пен міндеттемелерге қайшы болмайды деп санаймын. "Жаңа Қазақстан" ұйымындағы жұмысым да жалғаса береді,- деп жазды.
Abai. kz ұжымы Айдос Әміроллаұлын жаңа қызметімен құттықтайды!
Abai. kz