Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Тағайындау 3155 0 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:05

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Әбілдинов Алматы метросына жаңа басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды  "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі.

"Метрополитен" КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын "Алматыметроқұрылыс" АҚ басқарған Ербол Әбілдинов", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан""Алматыметроқұрылыс" АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.

Abai.kz

0 пікір