Жұма, 22 Қараша 2024
3800 0 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:28

Тәжіктер тәлібтерге әуеден соққы жасады

Тахар ауған уәлаятының билігі тәжік әуе күші Даргад уезіндегі тәлібтерге соққы берді деп мәлімдеді. Әуе соққысынан алты содыр қаза тауып, тоғызы жараланған. Бұл жөнінде ауған ақпарат құралдары хабарлады.

Тәжік тарабы әзірге бұл ақпаратты растамай отыр. Тәжік шекара қызметіндегі дереккөз де "ешқандай комментарийсіз" деп жауап берген. Әуе соққы тәлібтердің тәжік-ауған шекарасы маңындағы Фархор тұрғындарына шабуыл жасағаннан кейінгі жауабы болуы мүмкін. Содырлар Калашников пулеметімен "Нива" көлігіндегі үш адамға шабуыл жасаған. Екеуі қаза тауып, бірі жараланған.

Тахар уәлаяты полициясының баспасөз хатшысы Халил Асир "Кухнахона" орманды өлкесіндегі тәлібтерге әуе соққы 27 тамызға қараған түні және таңертең берілді дейді. Оның ақпараты бойынша, 8 адам қаза тауып, алтауы жараланған. "Бұл орманды өлкеде тәлібтер есірткі контрабандасымен айналысатындармен бірлесіп, лагерін құрған. Онда бейбіт тұрғындар жоқ", - дейді Халил Асир.

"Тәлибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забеулла Муджахид Даркад уезіне шабуыл жасалғанын растады. "Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз. Тәлибан мүшелері шекарадағы елді-мекен тұрғындарына шабуыл жасауға тиісті емес еді",- деді Забеулла Муджахид.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5294