Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
4061 3 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:29

New York Times: Путин айналасындағы ЦРУ өкілдері үнсіз қалды

Кремль мен Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы америкалық арнайы қызметтің бұлақтары соңғы айларда үнсіз қалған.

Осы себептен АҚШ-тың орталық барлау басқармасы мен үкімет агенттері Ресей басшылығының биыл қараша айында өтетін Конргесске сайлауға араласуы ниетінен хабарсыз қалып отыр. Осылай деп New York Times дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің мәліметінше, америкалық арнайы қызмет Ресей билігіндегі дереккөздерінің ақпаратына сүйене отырып, 2016 жылы президент сайлауы қарсаңында ресейлік хакерлердің шабуыл жасағанын анықтай алған. Бұған тікелей Кремльдің қатысы болған.

Биыл ресейлік дереккөздерден ақпарат жоқ. New York Times басылымының бұлағы ол адамдар анықталып, өлтірілген деп болжайды.

Америкалық арнайы қызмет пен ірі IT-компаниялары сайлау жақындаған сайын ресейлік хакерлердің белсенділігі артып келеді деп ескерту жасап жатыр. АҚШ-тың ұлттық барлау қызметінің басшысы Дэн Коатс ресейлік билік америкалық демократиялық институттардың жұмысын бұзуға ниетті деп мәлімдеген. New York Times-тің жазуынша, америкалық арнайы қызмет әлі күнге дейін ресейлік биліктің кибершабуыл жоспары жөнінде ешқандай мәлімет білмейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292