Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жалқы сұрақ 4513 12 пікір 3 Қыркүйек, 2018 сағат 08:57

Tengrinews.kz Захарченконың жағында ма?

31 – тамыз күні Украинаның Донецк аймағында болған жарылыстан  сеператистердің жетекшісі Александр Захарченко қаза тапты. Бұл мәліметті   қазақстандық сайттар да жарыса жазды.

Бірақ, осы жайт еліміздегі журналистердің ұстанымдары екі түрлі екенін көрсетіп бергендей. Мәселен, Tengrinews.kz сайты  “Донецк халық республикасының басшысы Александр Захарченконы өлтірген күдіктілер ұсталды”,- деп жазады.

Алайда, Қазақстан ресми түрде мойындамаған аймақты  мемлекет ретінде қарастырып, ақпарат беруге журналистердің қандай құқығы бар? Мұны сол сайттың тілшілері шынымен білмеді ме? Әлде, бейтарап болуға тиіс журналистер өз ұстанымдарын көрсетіп қалуға тырысты ма? Қалай десек те, Мемлекеттік мүддеге сәйкес келмейтін ақпарат тарату Заңға қайшы екенін ескеруге тиіспіз. Бұл туралы  Руслан Түсіпбеков есімді азамат та  facebook парақшасында жазған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Захарченко Донецк қаласындағы кафелердің бірінде болған жарылыстан қаза тапты. Ресей  бұл шабуылға ресми Киевті айыптаған болатын. Қарсы тарап мұны "терроршылар мен олардың ресейлік демеушілерінің арасындағы қақтығыс нәтижесі" деп сипаттады.

Ал, Александр Захарченко осы кезге дейін өзін "Донецк халық республикасының жетекшісі" деп көрсетіп келген. Біздің мемлекет ресми түрде Донецк халық республикасын мойындаған емес. Бірақ, орыстілді журналистердің сепаратистер құрған әлдебір саяси ұйымды "мемлекет" деп тануы кездейсоқтық болмаса керек.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

 

 

 

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054