Сенбі, 23 Қараша 2024
4397 4 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 09:41

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Орталық әскери кеңесі басшылығымен не туралы сөйлесті?

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Орталық әскери кеңесі Төрағасының орынбасары Сюй Цилянды қабылдады.

Сенат басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуда бұл сапардың маңызы зор екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нәтижелі дамыту Еуразия құрлығының ауқымды бөлігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен нығайтудағы маңызды мәселе болып табылады.

Әскери саладағы өзара іс-қимылдың деңгейі мен келешегін талқылай келіп, тараптар екіжақты сипатта да, ШЫҰ аясында да ынтымақтастықты үдете түсуді қанағаттанғандықпен атап өтті. Жүздесушілер екі елдің жоғары басшылығының жүйелі түрдегі кездесулерінің ерекше нәтижелі болатынын айта келіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың биылғы шілдеде ҚХР-ға ресми сапарының және Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысуының қорытындыларын жоғары бағалады. «ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл Қазақстан сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады», - деді Қ.Тоқаев.

Сюй Цилян өз сөзінде Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткен зор табыстарына, біздің еліміздің халықаралық аренадағы беделі арта түскеніне, Қазақстан Елбасының Қытайда кеңінен танымалдығына тоқталды.

Жүздесушілер барлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын толықтай жүзеге асыру қажеттігі туралы ойларын ортаға салды.

«Әскери байланыстар – мемлекетаралық қатынастардың маңызды бөлігі. Әскери ынтымақтастықтың жоғары деңгейі – мемлекеттер арасындағы қатынастар деңгейінің көрсеткіші», - деп атап өтті ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары. Ол ШЫҰ-да бірлескен жаттығу өткізу кезінде қолдау білдіргені үшін Қазақстанға алғысын жеткізді.

Кездесу барысында жаңа қатерлер мен қауіптер тұрғысында аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. «Нұрлы жол» стратегиясы мен «Жібек жолының экономикалық белдеуінің» ұштасуының ерекше маңызы туралы да айтылды. Қ.Тоқаев парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен  Халық Өкілдері Бүкілқытай Жиналысы Тұрақты комитеті Төрағасының Қазақстанға алдағы сапарының маңызына тоқталды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377