Сенбі, 23 Қараша 2024
3796 0 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 10:36

Алматыда Халықаралық жазушылар форумы өтеді

Алматыда 10-12 қыркүйек аралығында «Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің рөлі» тақырыбында жазушылардың І Халықаралық форумы өтеді. Қазақ елінде бас қосатын әлем әдебиетшілері қазіргі заманғы әдебиет төңірегіндегі өзекті де қызықты пікірлерімен бөлісетін болады.

Бұл туралы Ұлттық кітапханада өткен Халықаралық қазақ ПЕН- клубының журналистерге арнап ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды.

Халықаралық ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, форумға шет елдерден 80-ге жуық ақын-жазушы  мен әдебиет­танушылар қатысады.

Қазақстан 1973 жылдан бері мұндай ауқымда халықаралық деңгейде әлем жазушыларының басын қосып көрмеген екен. Жаһандану дәуіріндегі қазіргі әдебиеттің жәй-күйі мен оның қазақ әдебиетіндегі көрінісі жан-жақты талқыланатын мұндай маңызды жиынды жыл сайын өткізу  жоспарланып отыр. Халықаралық деңгейдегі мәдени шараға әлемнің 17 мемлекетінен, оның ішінде Франция, АҚШ, Англия, Польша, Израиль, Қытай, Палестина, Түркия, Моңғолия, Германия, Чехия, Ресей және т.б. елдерден аса көрнекті сөз зергерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылғы Нобель сыйлығының иегері Атанас Ванчев де Трасси (Франция), Януш Вишневский (Польша), Сэндоогийн Хадаа (Моңғолия), Ханаан Аваад (Палестина), Алексей Цветков (Ираиль), Юсуф Амине Элалами (Марокко), Бақыт Кенжеев (АҚШ), Сергей Гандлевский (Ресей) сынды әлемге әйгілі жазушылар қатысады. Халықаралық қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377