Әлемнің бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне Қазақстанның үлесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі еліміздің халықаралық және тарихи маңызды миссиясының аяқталуына бірнеше ай ғана қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту және елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған халықаралық қауымдастық. БҰҰ - халықаралық кездесулерге арналған әмбебап алаң. Елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілдігін қамтамассыз етеді. Қолданыстағы дипломатияның негізгі сілтемесі болып саналады. Бұл ұйымды дамыту идеясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасты. Бұл туралы бірінші рет 1942 жылы 1 қаңтарда (Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясы) айтылды. Көп ұзамай БҰҰ жарғысы бекітілді (1945 жылдың ортасында). Бастапқыда БҰҰ-на 50 ел кірді. 1945 жылы 24 қазанда БҰҰ Жарғысы күшіне енді. Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп дүниежүзілік күнтізбеге енген (http://interesting-information.ru/2015/03/oon-kratkaya-informaciya).
Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі ретінде, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықта ядролық қарусыз аймақтарды құру және біздің планетада сондай аймақтарды одан сайын көбейтуге шақырады. Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасын ұсынды. Бұл гуманитарлық және пацифистік бастаманы Орталық Азия аймағындағы барлық көршілеріміз қолдады. Бүгінгі таңда Орталық Азия Аймағы (ОАА) ядролық қаруы жоқ аймақ болып табылады. Сондай-ақ, БҰҰ шеңберінде Қазақстан бүкіл әлемде ядролық қарудың толық жойылуын қолдайды.
Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» өз фундаменталды еңбекте атап өткендей: «Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді». (Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. – 97 б.)
Сонымен, жас тәуелсіз, бірақ қазірдің өзінде толық қалыптасқан мемлекет - Қазақстан Республикасы тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүше ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы – ең ықпалы зор және беделді халықаралық ұйымның жұмысына және соңғы 2 жылда бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне елеулі үлес қосты . Бұл бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық және ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне үлкен тарихи үлесі. Сондықтан, әлемнің 138 елі Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу кандидатурасын қолдады. Ал біз, қазақстандықтар, туған елдің бейбітшілік сүйгіш және әлемнің жаһандық сақтау ісіне қосқан үлесіне мақтаныш сезіммен қараймыз және мақтанамыз!
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Abai.kz