Сенбі, 10 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2464 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 01:26

Қарағанды облысында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып 240 іс-шара өткізу жоспарланған

ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында бекітілген жоспар бойынша Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып 240 іс-шара өткізу жоспарланған.

Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясында мәлім етті.

«Әрбір қала мен ауылды, әрбір көше мен ауланы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалаудан өткізу жұмыстары жүргізілетін болады. 60-тан астам ірі әлеуметтік маңызы бар нысанды,  индустриялық-инновациялық жобаларды ашу көзделіп отыр», - деді С.Ахметов.

Облыс әкімі аға буын өкілдері Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге белсенді түрде атсалысады деген үмітін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2041
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3189