Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 01:27

Мәжіліс депутаттары елордадағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты елордадағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйінде болып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.

Депутат Бауыржан Смайылов, Татьяна Яковлева, Берік Бекжанов пен Петр Дмитриенко «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының атынан балаларға сыйлықтар табыс етті. Балалар және педагогтармен болған әңгіме барысында депутаттар болашақ ұрпақтың тәрбиесі елдің әрбір өңіріндегі «нұротандықтардың» назарында екенін атап өтті. Өз кезегінде балалар да қонақтарға өнерлерін көрсетіп, концерт тарту етті.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйі Астана қаласында 2001 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл үйде 47 бала мемлекет қамқорлығына алынып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543