Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Міне, әңгіме! 4939 10 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 14:12

Көне ирландықтардың батасы

Ирланд елінде де дәл қазақтардікі секілді бата беру дәстүрі болған. Марат Ермұқанов атты азамат Көне Ирланд елінің батасын қазақшаға аударған екен. Біз сол батаны портал оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз. 

Махаббат, күлкі әр күніңді нұрласын

Мейірім толсын үйіңде, ошақ басында.

Сапарға шықсаң тым алыс жерге бел асып,

Адал дос жүрсін, тірегің болып қасыңда.

Бітпесін дәулет, сөнбесін үміт таусылып,

Шат болсын досың, ағайын-туыс, қыймасың.

Өмірдің әрбір өтетін сырғып маусымы

Туысыңа, саған ең тәтті сәтін сыйласын!

Аударған Марат Ермұқанов, Қызылжар қаласы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2178
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3836