Жұма, 27 Қыркүйек 2024
2968 1 пікір 11 Қыркүйек, 2018 сағат 09:42

Түркия Қырғызстандағы "Сапат" мүлкіне қызығып отыр

Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Женгиз Камил Фырат "Сапат" білім беру мекемелерінің ғимараттарын "Маариф" қорына беру жоспарланып жатыр деп мәлімдеді. Ол 10 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Бішкекке сапарының қорытындысы жайында мәлімдеді.

Түркия елшісі "Сапат" білім беру мекемелері негізінен түріктің салық төлеушілерінің есебінен құрылғанын мәлімдеді.

"Сіздер "Сапат" деп атайтын мектептердің дені түрік салық төлеушілерінің есебінен, түрік үкіметінің қолдауымен құрылған. Бұл енді «Маариф» қорына беріледі. Біз бұл арқылы қырғыз халқына проблема туындатпаймыз, керісінше, білім деңгейін көтеруге көмектесеміз", - деді дипломат.

Қырғызстанның білім министрі Гүлмира Құдайбердиева келіссөз тек "Маариф" қоры бойынша жүргізілгенін айтты. Түркия елшісінің сөздерінен кейін, білім министрлігі арнайы мәлімдеме таратып, қандай-да бір ғимараттары өзге мекемеге беру, не болмаса қайта құрылымдау тек құрылтайшылардың жиналысынан кейін белгілі болады деп хабарлады. Ал құрылтайшылар құрамында Қырғызстанның білім министрлігі де бар.

1992 жылы қызметін бастаған "Себат" білім беру мекемесі "Сапат" болып өзгерген. Түркия билігі бұл мекемеге АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гюленнің қатысы бар деп есептейді. Түркия билігі Фетхуллах Гюленді 2016 жылдың жазында төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды.

Abai.kz

1 пікір