Сенбі, 23 Қараша 2024
3013 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 08:50

Трамп АҚШ сайлауына киліккендерге қарсы санкцияға қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы америкалық сайлауға араласқан жеке адамдар мен компанияларға қарсы санкция енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Жон Болтонға сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Санкциялар АҚШ-тың барлау қызметтері берілген мәліметтер негізінде елдің Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департамент тарабынан енгізіледі. Санкциялық тізімге енген заңдық және жеке азаматтардың америкалық есеп-шоттары бұғатталады. Мұнан бөлек Құрама Штаттардың қаржы мекемелеріне мүмкіндіктері шектеліп, ал америкалық азаматтарға тізімдегі компанияларға инвестиция салуға тыйым салынады.

Осыған дейін Трамп сайлауға араласқандар туралы шектеулердің өз вариантын дайындап жатқан америкалық заң шығарушылардан озып, санкциялар туралы жарлыққа қол қоятынын хабарлаған. Ақ үй Трампты сайлау жүйесіне тиісті көңіл бөлмей жатыр деп сынағандарға осылайша жауап берді.

Вашингтон Мәскеуді 2016 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деп айыптайды. Ал ресми Мәскеу болса, бұл айыптауларды теріске шығарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502