Жұма, 29 Наурыз 2024
2973 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 15:41

Алматыда аспан астында жыл сайынғы IX музыка фестивалі өтіп жатыр

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында 12-13 қыркүйекте қала өміріндегі маңызды оқиға -  ашық аспан астында жыл сайынғы IX Оркестрлер Фестивалі өтуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік астанада танымал шығармашылық ұжымдардың орындауында әрі музыка аспаптарында ойнайтын солистер мен вокал  өнері шеберлерінің қатысуымен екі күн бойына оркестрлік музыка әуеге қалықтайды.

Сахна төрінде Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық - этнографиялық оркестрі, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық – симфониялық оркестрі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрлемелі оркестрі өнер көрсетеді.

Мерекенің алғашқы күні  классикалық музыка әуесқойларына "Күйден классикаға дейін" атты музыкалық бағдарлама ұсынылды, оған қазақтың аспаптық және әндік классикасының жауһарлары, халық шығармашылығының үздіктері, орыс және европалық авторлардың классикалық әуендері, заманауи  сазгерлердің шығармалары, кинофильмдердің саундтректері енген. Оркестрмен бірге сахнада қазақ фольклорының жұлдыздары, эстрадалық орындаушылар, вокал  өнерінің шеберлері концерт қояды, олардың арасында Зарина Алтынбаева, Жәмилә Серкебаева, Ұлту Қабаева, Бахыт Тұрманова, Фархат Кубиев, Данияр Байжұманов, Нұрсұлтан Шатырханұлы,  "satzhan project", "ifly" топтары және басқалары бар.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауының "Адами капитал – жаңғыру негізі" атты бөлігінде "Рухани жаңғырудың" мән-маңызы ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігінде екенін атап өткен болатын.

Фестивалдің екінші күні мегаполиске арналған "Менің қалам" бағдарламасы ұсынылды. Оның репертуарына өткен жылдар мен қазіргі кезеңнің Алматы туралы әндері енген. Мұнда эстрада  және классикалық әндерді  орындаушы  танымал әншілер өнер көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564