БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы жариялаған баяндамада Асад күштері қаңтар және ақпан айларында зымырандардың көмегімен Шығыс Гута тұрғын аудандарында химиялық шабуыл жасаған. Соның салдарынан 24 адам зардап шекті, оларды арасында 6 бала және 10 әйел бар. Олар әскер хлормен уланып қалған.
Дәл осындай жағдай ақпан айында Идбил провинциясында тіркелді. Комиссия үкімет әскерінің бұл ауданға екі газ баллонын тастағанын анықтады. Кем дегенде 11 адам зардап шеккен.
Қазіргі таңда БҰҰ амандары Дума қаласында 7 сәуірде жасалған химиялық шабуылды зерттеп жатыр. Бұл жерде 49 адам қаза тауып, 650 зардап шеккен, деп хабарлады Reuters. Құжат авторлары Идлибке шабуыл гуманитарлық апат тудыруы мүмкін екендігін ескертіп отыр.
Ресей мен Сирия химиялық қару қолданғанын жоққа шығарып отыр.
Abai.kz