Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақмылтық 3706 2 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 10:19

Перуашев: Бұл жолдар халық төлеген салықтың есебінен салынып жатыр

«Жол бойындағы сервисті дамыту арқылы жергілікті кәсіпкерлерге басымдық берілуі тиіс» - автомобиль жолдарын дамыту жөнінде өткен «үкімет сағатында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі елді мекендерді айналып өтетін автожолдарды ауыстырудан зардап шеккен шағын бизнес туралы ашып айтты.

«Біз ондаған елді мекендерді айналып өтетін тас жолдарын салудамыз. Иә, адамдарды зымырап өте шығатын көліктерден қорғаймыз. Бірақ дәл мұндай елді мекендерде осы жолдардың арқасында көптеген отбасылар өмір сүріп келгенін ескеру керек. Олар СТО (техникалық қызмет көрсету станциясы), жанармай құю станциялары, кафелер ашты, жеміс-жидектер сатты. Енді, біз барлық жолдарды елді мекендердің шеңберінен шығарып, көшірмекпіз. Барлық осы шағын бизнес нысандары өз келушілерін жоғалтады, құрдымға кетеді. Ал, бұл ауылдарда басқа ешқандай жұмыс жоқ.

Иә, жаңа тас жолдарының бойында соған ұқсас ғимараттарға арналған жер телімдері бөлінеді. Олар аукционда сатылады. Алайда, жергілікті кәсіпкерлер аукционның бағаларын көтере алмайды, сондықтан да оны үлкен қалалардағы ірі компаниялар ұтып алады. Ал жергілікті шағын және орта бизнес болса орнын сипап қалады, кешегі жұмыс берушілердің өздері жұмысынан айырылып қалады.

Бәлкім, мұндай ауқымды бағдарламалардың нәтижесі тек жаңа жолдарды салу емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлерде халықты жұмысқа тарту болуы тиіс сияқты. Олай болса, ендеше, сол кәсіпкерлерді сақтап қалайық, трасса жиегінен жер телімін бөлгенде жергілікті тұрғындарға, әсіресе ауыл-аймақтағы халыққа басымдықтар берілуі үшін қандайда бір жеңілдіктер қарастырып, заманауи талаптарды қолданысқа енгізуде оларға көмек көрсетейік», - деп ұсынды Перуашев. Оның пікірінше, ірі компаниялар тарапынан жол бойындағы инфрақұрылымды монополияландыру Президенттің бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту идеясына тікелей қайшы келеді. Сондай-ақ, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша шағын кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру жол бойындағы сервис саласына да бағытталса болар еді.

Бұдан басқа, «Ақ жол» төрағасы басқа да түйткілді мәселеге тоқталды. Бұл ақылы жолдар аймағында тұратын ауыл тұрғындарын қорғау мәселесі.

Қазір бізге барлық жаңадан салынған автожолдар біртіндеп ақылы жол жүруге ауыстырылатын болады деп айтып отыр. Рас, олар осы жолдардың бойында тұратын жергілікті тұрғындар мың (1000) теңгеге абонемент сатып алып, онымен бір жыл бойы жүре алады деп уәде беруде.

Алайда, бүкіл әлемде халық басқа жолмен қорғалған – ақылы автомобиль жолдары мен автобандар альтернативті, баламалы тас жолдары бар болған кезде ғана енгізіледі. Яғни, тұрғындардың таңдау мүмкіндігі болады: баяу жүру, бірақ тегін; немесе жылдам, бірақ қымбат. Ал, біз болсақ баламалы трассаларды салмаймыз, азаматтарды таңдаусыз қалдырамыз және оларды тек қымбат жолда жүруге мәжбүрлейміз. Олардың не кінәсі бар? Әріден соң, бұл жолдар олардың төлеген салықтарының да есебінен салынып жатыр», - деген Азат Перуашев министр Жеңіс Қасымбекке назар аударып, келесідей мысалдарды келтіріп өтті.

Биылғы жылы Астана – Павлодар учаскесінде қозғалыс іске қосылады деп айтылды. Егер қателеспесем, бұл тас жолды 8-ші жыл салуда. Бұған қоса алдымен ескі жолды қиратып, оның үстіне жаңадан сала бастады (оны салып жатқанына 8 жыл болды). Ал, осы жылдар ішінде тұрғындар мүлдем жолсыз қалды, оларға айналып жүруге тура келді.

Ескі жолды өз орнында қалдыру қиын ба еді, жаман-жақсы болсын адамдар сол жолмен қатынайтын еді ғой. Басқасы басқа, бізде жазық жер жетеді! Солға қарай, немесе оңға қарай жаңадан жылдамдықты трасса салмасқа болмас па, ескі жолды қиратудың не қажеті бар еді? Оны сақтап, тегін етіп қалдыру керек еді.

Мүмкін, мен қазір сәл аңғал, аңғырт нәрсені айтып жатқан болармын, дегенмен, бұл мәселе мені осы елдің азаматы ретінде алаңдатады. Бұл ауылдық жерлерде тұратын әрбір азаматымызға да қатысты, олар үшін әрбір тиын-тебен есепте. Ал, біз бұл жерде отырып алып олар үшін бәрін де шешіп қойдық –жүргің келе ме – мың теңге төле!

Мен министрліктен ақылы жолдарда тұратын ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау үшін тиімдірек шаралар қабылдауын сұраймын, себебі оларды шығынға ұшыратпау үшін». – деді Перуашев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3523