Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 3668 0 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 10:24

Әкім "бір оқпен екі қоян атып", газонды баскетбол алаңын жасамақ

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында салынған жаңа алаң дәл қазір пайдалануға берілуге дайын тұр. Бірақ, аудан әкімдігі дайын алаңды ел игілігіне беруге асығар емес. Ауыл жастары осы алаңды жаз бойы күткені белгілі. Қазір тіпті, шыдамдары таусылып барады.

Алаңның ашылмай тұруының себебі, аудан басшылары бұл алаңға енді баскетбол құрылғыларын да қойғысы келеді екен. Спорттан хабары жоқ басшылар болғасын сөйтеді де...

Астына жасыл газон төселген баскетбол алаңын олар қайдан көрді екен? Біздің басшылардан бәрін де күтуге болады. Бұл футбол алаңына енді баскетболдан бөлек волейбол, гандбол, қыста хоккей алаңын жасап, "5 в одном" спорт алаңын жасап тастаса да таң қалмаспыз.

Құрметті аудан басшылары, жобасы футбол алаңы деп басталған алаңды, мың құбылтпай тезірек ашсаңыздар жөн болар еді. Жаз бітіп, күз басталды. Алда қыс келе жатыр. Ең болмаса жастар бір ай болса да, алаңның игілігін көрсін.

Аудан басшылары баскетбол ойнағыларың келсе, аудан орталығында үлкен стадион бар екенін естеріне салғымыз келеді. Өздері осы алаңды ары-бері көшіріп, быт-шытын шығарғанын да қаперлеріне салғымыз келеді.

Ол аз десеңіз облыстан басшылар келіп, лентасын қимай бұл алаңымыз ашылмайтын сияқты. Сонда бұл алаң жоғарыдағы басшылар үшін салынды ма, жоқ әлде ауыл халқы үшін бе?

Айболат Бөкенов, Жаңақала ауданы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592