ХОК-тың этика бойынша директоры Пакеретт Жирар Запелли тиісті хатты Рахимовқа жіберген. Онда Рахимовтың AIBA президенттігіне ұсынылуы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына бокс бағдарламасын алып тастау қаупін туғызады делінген. Себебі Рахимов қылмыстық әлеммен байланысы бар деген күдікке ілінген.
Осының алдында АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау департаменті Рахимовты санкциялық тізімге енгізген. Сонымен бірге Рахимовқа доллармен кез-келген қаржы операциясын жүргізуге тыйым салынған.
AIBA президенттігіне сайлау Мәскеуде, 3 қарашада өтеді. Inside the games порталының хабарлауынша, Бокстан Азия конфедерациясының президенті, қазақстандық Серік Қонақбаев да AIBA басшылығына кандидатурасын ұсынбақ.
ХОҚ бүгінде 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына бокс бағдарламасын сақтап қалу мәселесін талқылап жатыр. ХОҚ қазіргі таңда AIBA-ны басқару, қаржыландыру және антидопингке қатысты мәселесін зерттеп жатыр. AIBA-ның бұрынғы басшысы Чинг Куо Ву отставкаға кеткен, оның міндетін Рахимов атқарып жатыр.
Abai.kz