Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4729 0 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 12:39

Дін және мемлекеттік саясат

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес

ҚР Үкіметі осы жылдың мамыр айында  2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын қарастырған болатын.

Оның  негізгі міндеттері:

  1. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнату.
  2. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.
  3. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  4. Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады,- деп көрсетілген.

Енді, осы аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталсақ:

Қазақстан Республикасы – әрбір азаматқа ар-ұждан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессиялар ұстанушыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген зайырлы, демократиялық мемлекет.

2010 жылдың 26 мамырында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің  отырысына төрағалық ете отырып:

«Қазақстанда қоғам діннен бөлінбеген, сондықтан мемлекет бұл салада қоғамдық қатынастарды реттеуден тыс қала алмайды. Бұған қоса, діни сенім  адамгершілік бастауларға негізделетінін және қоғамның рухани құндылықтарын дамыту үшін, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді күшейтуге және діни экстремизмнің алдын-алу үшін пайдалануға қажетті үлкен гуманистік әлеуеті бар екенін ескеру қажет»,-деген болатын.

Діни сенім бостандығы – дінді ұстану немесе ұстанбау құқығы. Діни сенім мұраттары барша әлемде аса кеңінен мойындалған, бүгінде ең маңызды халықаралық декларациялармен және адам құқықтары жөніндегі фактілермен, сонымен бірге әлемнің көптеген елдерінің конституцияларымен бекітілген.

Қазақстан өзінің қызметінде адам құқықтары саласындағы жалпы мойындалған халықаралық актілерге сүйенеді. Осыған байланысты дін және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық нормативтік база жалпы алғанда, жалпы еуропалық және әлемдік демократиялық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен бірге, Қазақстан мемлекет пен конфессиялар арасындағы құрылымды өзара қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған діни қызмет жөніндегі заңнаманы жетілдіруге барынша күшін жұмсап келеді.

Екінші, Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылық мәселесіне тоқталсақ.

Біздің қоғамда негізінен сунниттік ислам (Ханафи мазхабы) және православиелік христиан діні кең таралған.

Саны жағынан ең басым діни бірлестік Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы екені белгілі. (ҚМДБ) Оның қарамағында 15 аймақтық филиалдар, сондай-ақ 2381 ғибадат ететін мешіттер бар. Аталған мешіттердің жамағаты елдегі барлық дінге сенетін  мұсылмандардың үштен екі бөлігін құрайды.

Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орында Қазақстанның Православиелік шіркеуі (ҚПШ), олардың 289 діни объектілері бар.

Қазақстандағы келесі көп тараған діни бағыт Рим-католиктік шіркеуі, оның 84 діни ғимараттары бар.

Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде протестанттық діни бірлестік ауқымды орын алып отыр. Қазіргі уақытта оның 500-ден астам шіркеулері мен діни ғибадатханалары бар.

Жоғарыда көрсетілген діни бірлестіктерден басқа елімізде 7 иудейлік жамағат, буддизмнің 2 діни бірлестігі, сонымен қатар Қазақстан үшін дәстүрлі емес 18 діни бірлестіктер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Муниттер» және т.б.) қызмет атқарады.

  1. Қазір әлем бойынша, экстремизм мен терроризм қаупі күшейді. Бұл тұрғыда Қазақстан да экстремизмге қарсы iс-қимылды күшейтті. Яғни, тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, экстремизмдi болғызбауға, анықтауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметті іске қосу қажеттігін түсінді.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс деп атап көрсеткен.

Қазіргі таңда әлемде Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты, Н.Назарбаев  Президент Әкімшілігі мен ҚР Үкіметіне діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарды жетілдіру қажет. Терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіру қажет. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керектігін айтқан болатын. Сонымен қатар, Діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындау туралы да тапсырма берген еді.

Арнат Қабылша

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408