Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 05:41

Іздеген Бөлтірік. Бозымбаев өспейтін, Астанаға «көшпейтін» болды

Акт 1

Арқар ауып түсті дейміз бе, әлде ақ аю ойда жоқта Африкаға келді дейміз бе, әйтеуір, 2009 жыл енді түгесілемін бе деп тұрған кезде Жамбыл облысына «Кегокта» «кекірік» атып жүрген Қанат Бозымбаев деген бүйрек бет жігіт келе қалды, келе қалды да, әкім бола қалды. «Ойбай, Жексембин салған сара жолды «дара жол» қыламын деп келіпті, жемқорларды жер жастандырып, жастардың рухын көтеремін депті, өзі бір «честный» шенеунікке ұқсайды екен» деп жұрт та, қырт та, қыл мойнына галстук қыстырған шенеунік те, жағынудан алдына жан салмайтын «егуеқұйрық» та (адам кейпіндегі) шуылдасты.

Дұрыс қой, әкім болған соң «Тимур и его команда» демекші , өз командасын топырлатып жинайтыны заңдылық та. Бозымбаев та сол жүрістен жаңылмай, оншақты шенеунікті анау Алматыдан «газельмен» алып келді де, «мына кресло саған, мына кресло анаған» деп теңдей үлестірді. Жиналыстарда ашуын да байқап қалдық, «дүңк-дүңк, бұрқ-бұрқ» екен. Мейлі әкім ғой онда тұрған не бар деп едік, сөйтсек олай емес көрінеді. Біздің реңі бозғылт Бозымбаевтың тактикасы тым бөлек екен. «Мен кадрлардың таза болғанын, әрі жас болғанын қалаймын» деді, бұнысына бас шұлғи келістік.  Сөйтсек мұның артында біраз әңгіме жатқанын қайдан білейік.

Қанекеңе қатты сенгенбіз «Таразда талантты жастар табылады ғой, Қанекең қызмет беремін десе» деп. Жоқ, өйтті, өйтпеді. Өйтті дейтініміз кадрларды шынында да жасартқысы келді. Сөйтті де, аннан бір тартты, мыннан бір тартты, қысқасы балақтағы бит басқа шықтының кері келді. Басқаны былай қойғанда, жылы орнында жайлы жұмысын ретімен атқарып отырған Бақтияр Артаевты «қолынан жетектеп» алып келді де, «байлаулы итім бол» дегендей, әкімдіктегі аппараттың басшысының орынбасары боласың, болмаса, «мөрінбасары» боласың деп тырп еткізбей отырғызды да қойды. Шыны керек Афиныда атой салған Артаевтың беделі біздің спортқа керек  еді. Қанекең оған да пысқырмай, экономиканы түгесіп тастаған, әр жақта бір қызмет атқарып «алғысқа» бөленіп келген Гамлет Қайнарбеков  деген жігітті Артаевтың орнына апара салды. Бұл не үшін керек болды екен? Экономист маман спорт басқармасына барып, бюджеттің ақшасын калькулькуятормен есептеп отырсын дегені ме? Әлде, облыста барлық саланы экономист мамандар басқара беретін болғаны ма? Құрысын, мен айтты демеңіз...

Енді жақында біздің облысқа «нан іздеп» Айнұр Сәденова деген  жас қыз келді. Жай келмей, мәдениетті менен мықты ешкім білмейді деп желпініп келгенге ұқсайды. Сұхбат алайын деп барған бір әріптесіме сауалдарды тыңдамай жатып, «Қазақ журналистері мәмбетский сұрақтар қоя береді» деген мағынада аузына ие бола алмай түкірігіне шашалыпты. Тоба, шаңыраққа да қарамайды екен өзі. «Еще» мәдениетті өрге сүйреймін деп тыраштанатын көрінеді. Айнұр ханым шынында да мәдениетті дамыта ма екен әлде, кабинетінде отырып алып, скрипкасын тартып отыра ма, оны да уақыт көрсетер... Қазіргі қарқынын бағамдасақ, істен гөрі сөзге бейім секілді Қанекеңнің аттай қалап алған «алтын басты кадры».

Акт 2

Біздің Бозымбаев келе салысымен жұрт «ойбай, жарты жылдан кейін ізін суытады екен. Өседі екен, Астанаға көшеді екен. Атом және энергия деген міністірлік ашылып, соның тізгінін «Кегоктан кекірік атып келіп, Жамбыл деген жайлы мекенде «жар салып» жүрген Қанат Бозымбаев ұстайды екен деген қауырт әңгімелер құлағымыздың құрышын қандырған. Жұртқа сенсек Қанат Алдабергенұлы ендігі Астанада жүруші еді. Жоқ, Алдабергенұлы алдамаса, әзірге «өспейді екен».  Оны мен емес, өзі айтты. Өткенде жылдық есебін берген қауқарлы Қанат мырзадан қаймығып қалған әлдебір қала тұрғыны «Сізді Астана жаққа кетеді деген әңгіме рас па?» деп жазбаша сұрақ жолдады. Қанекең еш ойланбастан: «Жоқ, маған Жамбыл жері ұнайды. Мен бұл өңірді көркейтуге келген адаммын. Кеше президентпен кездестім ол кісі үндемеді. Егер сіздер рұқсат етсеңіздер Жамбылда жүре тұрам әзірге» деді.

Жүре тұрыңыз, Қанат Алдабергенұлы, халық сізді қолдайды, тек сіз де сол халықты, жастарды қолдасаңыз болғаны...

Алдабергенұлының ашуы «жаман» дедік қой жоғарыда... Қайбір күні «Нұр Отанның» Жамбыл облысындағы бөлімшесін басқарып отырған бастықтың  (яғни, Қанат Бозымбаевтың) бұрынғы орынбасары  Оңласын Есіркепов деген   азамат атып тұрып: «Тендерде былық көп, мұны қалай тыясыз, алматылықтар тендерді жеңдер деп естіп жеңіп алады да, қаржыны қалтасына басады, бұған не уәжіңіз бар?

Сосын кадрдың бәрін дерлік Алматыдан «тасымалдап» арнайы «рейспен» алдырып жатырсыз, Таразда кадр құрып қалып па? Тағы бір айтарым, партияның төрағасы ретінде түк жұмыс жасап жатқан жоқсыз. Қашан белсенді түрде іске кірісесіз?» деп айтып-айтып тастаған болатын.

Ол сұрақтарға да Қанекең жауап беруін жауап берді ғой. Тек соңында «партияға төраға болып тағайындалғаныма көп уақыт болған жоқ, жұмысқа енді кірісеміз. Ақсақал, қартайсаңыз, дұрыстап қартайыңызшы» деген сөзінен секем алып қалдық. Оңласын Қарабайұлына қатты сөйлегенінен емес, оған етіміз өліп кеткен ғой. Партияның төрағасы болғаныма ұзақ болған жоқ дегенінен. Сонда Қанекең үшін бір жылдың өзі уақыт болмағаны ма?

Соңғы сөз

Біз Алдабергенұлын даттайын деп отырған жоқпыз. Ол келгелі жұмыс та істеп жатыр. Тек аракідік өз сөзіне өзі қарсы шығатыны болмаса. Мәселен, жастарды қызметке тағайындауды жақсы көреді екен. Тараздық жастарды басшылыққа неге тағайындамайды? Біз де ел, жұртпыз ғой. Қолыма нан ұстап тұрып, «нан ұрсын» деп айтпай-ақ қояйын, дегенмен, керек болса жемқорлықты түбімен жоямын деп жүрген Қанат Бозымбаевтың бұл тірлігінің өзі  жасырын жемқорлыққа жатпайды ма? Жас кадрларды сырттан әкелуінің астарында не мән бар екен, а?

Тараз қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592