Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2767 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 06:04

Асқар Асылбеков. Жасырын саботаждың сыры

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы орындалмайды

Бүгінгі биліктегілердің тарапынан ұлтқа үлкен қатер бар, сатқындыққа жақын жасап жүрген қадамдары бар...  Мемлекеттік тілге қарсы жасырын саботаж бар!

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталған кезде түрлі баға беріліп жатты, бірақ сол бағаларға биліктегілер құлақ аспай өз бағасын беріп ерекше қуанды. Марапаттар да болған шығар. Болсын! Жетістіктер бар деп жарияға жар салынды... Иә, жетістіктер бар!  Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің дамуында бір талай оң өзгерістер болды... Бірақ сол оң өзгерістерге мемлекеттік бағдарламаның еш қатысы жоқ еді, себебі ол қоғамның ішкі тілегінен қалыптсақан өмірлік, табиғи өзгерістер болды.  Оралмандар мен жұмыссыз қалған ауылдық қазақтардың арқасында еліміздің орыстанған қалаларында қазақ тілінде дабырласып сөйлесіп бара жатқан адамдардың дауыстары естіле басталды. Міне, табиғи өзгерістер. Ал қаражатқа келсек, кей жылдарда миллиардтап қарастырылып, елге жарияланған сол миллиардтар орнына тек жартысынан аспайтын қаражат  нақты бөлініп жатқанын көбі  біле бермейді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы орындалмайды

Бүгінгі биліктегілердің тарапынан ұлтқа үлкен қатер бар, сатқындыққа жақын жасап жүрген қадамдары бар...  Мемлекеттік тілге қарсы жасырын саботаж бар!

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталған кезде түрлі баға беріліп жатты, бірақ сол бағаларға биліктегілер құлақ аспай өз бағасын беріп ерекше қуанды. Марапаттар да болған шығар. Болсын! Жетістіктер бар деп жарияға жар салынды... Иә, жетістіктер бар!  Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің дамуында бір талай оң өзгерістер болды... Бірақ сол оң өзгерістерге мемлекеттік бағдарламаның еш қатысы жоқ еді, себебі ол қоғамның ішкі тілегінен қалыптсақан өмірлік, табиғи өзгерістер болды.  Оралмандар мен жұмыссыз қалған ауылдық қазақтардың арқасында еліміздің орыстанған қалаларында қазақ тілінде дабырласып сөйлесіп бара жатқан адамдардың дауыстары естіле басталды. Міне, табиғи өзгерістер. Ал қаражатқа келсек, кей жылдарда миллиардтап қарастырылып, елге жарияланған сол миллиардтар орнына тек жартысынан аспайтын қаражат  нақты бөлініп жатқанын көбі  біле бермейді.

Қаражатты сөз қылмайық делік... Айтарым басқа... Неге 20 жыл ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты табиғи өзгерістерден басқа еш алға басушылық болмады? Билік неге  2001-2010 жылдардағы бағдарламаны тілге тиек еткенде   сандар мен мәліметтерге ғана мән береді? Сонша мектеп ашылды, сонша бала қазақ мектебіне барды деп құрғақ сандарды тізіп шыға келеді.. Ал сол мектептердің оқушылары өз-ара қай тілде сөйлеседі, қай тілдегі газеттерді оқиды, Интернетте  қандай дереккөздерді пайдаланады? Ол туралы  тіс жармайды. Міне, гәп қайда жатыр? Олардың басым көпшілігі дерлік орыс тілінде қарым-қатынас жасауда, себебі қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз күшіне енген жоқ. Енгізген де ешкім жоқ!   Мемлекеттік  органдар мемлекеттік тілді есігінен де аттатқан жоқ әлі күнге!  Кіргізгісі келсе де, оған күш-қуаты жетпес еді.

Кіргізбеген мемлекеттік органдарға сосын қайта оралармыз, ендігі сөзім кіргізгісі келсе де, кіргізе алмаған мемлекеттік органдарға тоқталғым келеді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырумен айналысқан кімдер еді? 1) Орындаушылар кім болды? 2) Жауаптылар кім еді?

1) Орындаушыларға тоқталық. Тілдерді дамыту бағдарламасының бас орындаушылары ол облыстардағы тілдерді дамыту басқармалары екені мәлім.Кез келген облыста кем дегенде 500 мың, яғни жарты миллион халық бар, ал басқармаларда 10-14  қызметкерден аспайды. Енді ойлап көріңіздер осы 14 орындаушының күш-қуаты 500 мың тұрғыны бар аймаққа жетеді ме? Жоқ! Сол облыстардың  қала мен аудандарында мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімдерінде 1  маманнан мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға жауапты болды, оның мүмкіндіктері сол қала мен аудандардағы халықты тіл саясатымен қамтуға жетті ме? Жоқ! Неге деген сұраққа жауап іздеп сенделудің қажеті шамалы. Оның жауабын биліктегілер әлдеқашан білді. Себебі қаладағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде тек 1 маман ғана қызмет етеді (?) Ал егер сол облыс құрамында Семей  (385 мың  763 тұрғыны бар), Рудный (124 мың 098 тұрғыны бар),  Екібастұз (122 мың 747 тұрғыны бар) Балқаш (74 мың тұрғыны бар), Риддер (58 мың 556 тұрғыны бар) Зыряновск (39 мың 822 тұрғыны бар) сияқты қалалар болса және қарап отсақ, Семейден басқасында өзге ұлт өкілдері басым қалалар болып тұр. Яғни өзге орыстілді отандастарымыздың арасында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу үшін, олардың мемлекеттік тілді үйрену үшін жағдай жасауға екі есе көп уақыт пен күш-қуат керек екен. Соны орындау сол мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамындағы тіл мәселесіне жауапты 1-2 адам атқара алады ма? Жоқ! Осыны түсіну үшін данышпан болудың қажеті де жоқ! Бұл жайтты биліктегілеріміз, яғни міністірлер мен әкім қаралар  әу бастан біліп отырды, ал Елбасымыз біледі ме? Елбасы білмейді! Себебі ол оған берілген ақпарат арқылы өз пікірін қалыптастырады... Елбасымыздың мемлекеттік тіл мәселесіндегі білетіні аз деуіміздің себеі, ол кісінің  тіл мәселесіне байланысты   ұсынысы мен тапсырмалары орынды болып отыр бүгінгі күнге дейін. Кезінде «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенінен бастап..., 2020 жылы қазақстандықтардың   кем дегенде 95  пайызы мемлекеттік тілде сөйлей алатын болады дегеніне дейін дұрыс болжам... Бірақ, 95% сөйлейтін облыстар болатын шығар, сөйлеп жатқандары да бар ғой, алайда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары сөйлемейді. Аталған облыстардағы жұрттың 70 пайызы 2020 жылдары мемлекеттік тілде сөйлеп кетсе бөркімізді аспанаға атып қуанатын шығармыз. Әлгі біз айтқан  облыстардың ішіндегі кейбір аудандарда қазақтардың бар жоғы 5-7 пайызды ғана құрайды, ал  тілге жауапты маман жалғыз. Енді түсінген шығарсыздар неге Бағдарлама орындалмайды. Жарайды, халық өзіміздікі, ұлтына қарамастан барлығы тең құқылы ғой, жағдай жасауымыз керек, олармен жұмыс ұйымдастырылу керек...  Олай болса орындаушы керек!

Облыстарда тұрғындар санына байланысты, ұлттық құрамы ескеріле отыра Тіл басқармаларында мамандар санын 15-20-ға дейін  көбейту, ал аудан мен қалаларда кем дегенде 3 маманннан тұратын арнайы бөлім болғаны заңдылық, заман талабы, 100 жылдан соң қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне шын мәнінде ие болуына кепіл.

Ал егер осыны тез арада Үкімет іске асырмаса, 2001-2010 жылдарға арналған Тіл бағдарламасының тағдырын осы жаңа Бағдарлама қайталайды, аудандар мен облыс деңгейіндегі қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріндегі тіл мәселесіне жауапты мамандар жұмысты толыққанды атқарып  үлгермейтіндіктен, әйтеуір бір цифрларды орталыққа жіберумен айналыса бастайды, яғни қайтадан статистика басталды дей бер. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің дені жүзеге аспай қалады. Әрине, келесі 10 жылдан соң оң өзгерістер болар, бірақ  олар сол баяғы табиғи өзгерістер болады.

Ең ұяттысы... 2010 жылғы мемлекеттік органдарды қысқарту науқаны кезінде қандай мәселемен айналысатын мамандар қысқартылды дейсіздер ғой? Иә, мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мамандар қысқартылды, немесе мемлекеттік қызметтен шығарылып, жалақысы азайтылып жай маманға айналдырылды. Жергілікті облыс, аудан әкімдіктері қысқарту жұмысын өзі әрең тәй-тәйлап тұрған тіл мәселесімен айналысатын құрылымдар арқылы шешуде. Себесеңіздер өздеріңіз тұратын облыс, аудандардағы жағдаймен танысып көріңіздер. Алыс бармай  Рудныйға барып көріңіз.

Орындаушылар туралы айтылды, нақты  және қажетті ұсыныстар да берілді... Енді жауаптыларға көшелік.

2) Жауаптылар кім? Жалпы кез келген елдің мемлекет басқаруында мемлекеттік органдар, нақты айтқанда бірінші басшылары жауапты. Бізде де солай. Бірақ бізде министрлер мен әкімдер Президентке бір (статистикалық) мәліметтерді беріп, өздері жасырын түрде Тіл бағдарламасына саботаж  жасады. Неге дейсіздер ме? Өздерінің күнделікті  өмірі мен жұмыстарын жеңілдету үшін ғана. Ал Қазақстан Республикасының кез келген заңының орындалуына кез келген деңгейдегі Бірінші басшы Жауапты екенін білсе де білмеген  сыңай танытып жүр.

Тілдерді дамыту ісіне басқарма ғана емес (ол үйлестіруші), қала мен аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі жалғыз маман емес (ол жергілікті үйлестіруші), Облыс әкімі жауапты, Қазақстан Республикасының кез келген заңының орындалғанын бақылайтын Бас Прокуратура мен облыс прокуратуралары жауапты, басқарма мен департамент басшылары жауапты (аудармашылар емес)  т.с. Бітті.

Айтар ой көп, қысқасы осы... Елімізді тоздырмай, ұлтымыздың  алдауға етін үйретіп рухани азғындырмай - тығырықтан шығар жол іздейік. Ана араб елдерінде болып жатқан сойқанның біздерге керегі жоқ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588