Кәрім Мәсімов Интернет пайдаланушыларға халықтық ІРО тақырыбын талқылауды ұсынды
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің блогына келушілерге халықтық ІРО тақырыбын талқылауды ұсынды.
«Мен өзімнің сайтыма кірушілерге халықтық ІРО тақырыбына қатысты өз пікірлерін айту туралы ұсыныс жасадым. Сіздердің ұсыныстарыңыз, күдіктеріңіз мен құрылымдық идеяларыңыз ескеріледі. Өз түсініктемелеріңізді қалдырыңыздар», - деп жазыпты К.Мәсімов.
Үкімет басшысының ойынша, ҚР Президенті ұсынған халықтық ІРО - әрбір қазақстандыққа «ұлттық чемпиондар» - мемлекеттік алпауыт компаниялардың қызметінен қосымша пайда табуға және оның қызметіне жеке араласуға мүмкіндік береді.