Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3284 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 03:09

Павлодарлық мұғалімдер мектептерді 12 жылдық білім алуға көшіруге дайындалуда

ПАВЛОДАР. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинциова/ -  «Қазақстанның 12 жылдық мектебі. Аймақтық мәселелер мен перспективалар» атты педагогикалық оқулар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өтті,деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Павлодар облысында 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу жұмысы бірнеше жыл бойы жүргізілуде: эксперименттік мектептер жұмыс атқаруда; мұғалімдерді даярлау мазмұны өзгертілуде, жоо-ның білім беру бағдарламаларына түлектерге жаңа жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы пәндер енгізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жетілдіру бағдарламалары әзірленуде.

№ 34 жалпы орта білім беру мектебі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бойынша эксперимент жасап отырған облыстағы алты мектептің бірі. Директордың орынбасары Татьяна Савченко оқу-әдістемелік кешенін мақұлдаудың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Мәселен, алты жасар балаларды оқытуда, олардың денсаулығы зардап шекпеуі үшін денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажеттілігін де атап өтті.

Павлодар қаласы № 9 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Мария Филинская «Бейіндік білім беру бойынша республикалық экспериментті іске асыру тәжірибесі, проблемалары» атты баяндама жасады. Мектепте оқыған жылдарында оқушыға өз өмірінде немен айналысу қызық екенін айқындап, біртіндеп таңдау жасауы керек. Мектептегі бейіндік білім берудің мақсаты - оқушылардың кәсіптік жағынан өзін-өзі анықтауы. Сонымен қатар осы мектепте «мектеп-жоо» эксперименті қолданылуда, яғни ПМПИ оқытушылары жұмыс істейтін педагогикалық сыныптар құрылуда. Мысалы, 2010 жылы тоғызыншы мектептің үш түлегі біздің институтымызға оқуға түсті.

Алайда оңды жағдайлармен қатар проблемалар да бар. Бұл - балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің жетіспеушілігі, аз жабдықталған мектептердің болуы, педагог мамандарын 12 жылдық мектеп жағдайында жұмыс істеу үшін қайта даярлау, жаңа кадрларды даярлау қажеттілігі. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты бұл бағдарламаны жүзеге асыруға үлесін қосуда. Сондай-ақ барлық мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларының жоо компонентіне «Бейіндік оқыту теориясы мен әдістемесі» пәні енгізілді; әдістемелік құралдар басылып шығарылды; жоо-дағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесі облыс мұғалімдері мен жоо оқытушыларын 12 жылдық мектеп жағдайында жұмыс істеу үшін озық үлгіде даярлауға бағытталған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048