Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3800 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 03:13

Павлодарлық балабақша тәрбиеленушілері «Балбұлақ» байқауында қазақ тілін білуден сайысты

ПАВЛОДАР. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда қаланың балабақшаларының даярлау топтарының 48 тәрбиеленушісі қазақ тілін қаншалықты білетіндігін «Балбұлақ» байқауы барысында тағы бір рет тексерді,деп хабарлады білім беру бөлімінен.

Қазақ тілінде өлең оқып, ән айтып, мемлекеттік тілде еркін сөйлесетін бүлдіршіндер тіл мамандарының өздерін таңқалдырды. Балалардың білімдерін облыстық «Ана тілі» оқу-әдістемелік орталығының, ұстаздық кадрлардың біліктілігін арттыру институты мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары бағалады.

Гран-при жүлдесін №116 балабақшаның тәрбиеленушілері жеңіп алды, өзге балабақшалардың тәрбиеленушілері «Тіл үйрену - ұлы іс», «Біз кішкентай патриоттармыз», «Әртістік пен шығармашылық» және «Көрермендер қошеметі» номинациялары бойынша марапатталды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048