Жұма, 22 Қараша 2024
3930 1 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 14:51

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Пекинге (ҚХР) барды

2018 жылғы 25–26 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Пекинге (ҚХР) барды, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарымен, ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізіп, ірі инвестициялық, қаржылық, өнеркәсіптік, құрылыс, көлік-логистика корпорацияларының басшыларымен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Екі мемлекеттің көшбасшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің арқасында Қазақстан мен Қытай арасында екі жақты қарым-қатынастың барлық саласында ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. "Нұрлы жол" және "Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі" бағдарламаларының түйіндесуі екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», — деді Асқар Мамин Хань Чжэнмен кездесу барысында.

ҚР Бірінші Вице-Премьерінің айтуынша, ҚХР – негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 30%-дан астамға ұлғайған. 2018 жылы бақылап отырған жоғарғы қарқын тауар айналымының көлемін $20 млрд жеткізу туралы екі мемлекеттің Басшылары алға қойған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп секторларындағы, сондай-ақ, шекара маңындағы және аймақаралық байланыстарды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин ҚР мен ҚХР Ынтымақтастық комитетінің екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай индустрия, көлік және логистика салаларында жалпы құны $28 млрд болатын 51 бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Аталған жобаларды табысты іске асыру өнімдері әлемнің жетекші нарықтарына жеткізілетін бірқатар ауқымды өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жалпы $1,9 млрд сомасына жаңа 11 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

А. Мамин Пекин қаласына жұмыс сапары барысында CITIC Group, China Xin Xing Group Co., YTO Group Corp., Jiangxi Copper Company, Jiaxin Investment Resources, China Energy Engineering, CSI Solar Power Group, China CAMC Engineering Co., Lovol Heavy Industry, China Energy Engineering Corporation, China General Nuclear Power Group және т. б. компаниялардың басшылығымен келіссөздер өткізді.

COSCO Shipping Corporation басшысы Хуан Сяовэнмен және Ляньюнган портының басқарма төрағасы Дин Жуймен кездесуде трансконтиненттік тасымалдарды жетілдіру, сондай-ақ, ортақ терминал мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«China Construction Bank» басшысы Ван Цзуцзимен қаржы саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А. Мамин АХҚО-ға «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында жобаларды қаржыландыруға қытай банктерінің «үлкен алтылығының» қатысуының жөнділігін жеткізді.

Бұдан өзге, Пекинде Асқар Мамин Хэнань, Сычуань провинцияларының және Чунцин қаласының әкімшілік басшыларымен кездесу өткізді.

ҚХР-ге жұмыс сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды:

Қостанай облысының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және HKC Corporation Limited «2018–2019 жж. Қостанай қаласының Индустриялық аймағының аумағында теледидар шығаратын зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды. Қостанай қаласында теледидар шығаратын зауыт салу жұмыстары биыл басталады. Кәсіпорынның жоспарлы қуаттылығы — жылына 3 млн бірлік. Бастапқы кезеңдегі инвестициялардың жоспарлы көлемі — $50 млн. Өнімді өткізетін мақсатты нарық — ТМД елдері;

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, Huawei International Co.,LTD және Ili Baitexing Commercial Trading Co., LTD Электронды коммерцияны дамыту туралы келісімге қол қойды;

«Агромаш Холдинг KZ» АҚ, Lovol Heavy Industry, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және YTO «Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасын шығару» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279