Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 4443 2 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 10:16

«Astana Arlans» финалда «Cuba Domadores» командасына есе жіберді

Кеше бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» финалда «Куба Домадорес» командасымен кездесті.

Биыл жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан -«Indian Tigers» және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Бұл топтан бірінші орынмен шыққан қазақстандық команда жартылай финалда Ұлыбританияның «British Lionhearts» клубымен кездесті. Оларды қос кездесудің қорытындысы бойынша 7:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Ал Қытайдың Сямынь қаласында өткен алғашқы финалдық кездесу 2:3 есебімен кубалықтардың пайдасына шешілді.

Алғашқы кездесуде Теміртас Жүсіпов кубалық Дамиан Арсе Дуартені (49 келі) жеңгенімен, одан кейін шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов Освиэл Давид Кабалльеро Гарсияға (56 келі), Ділмұрат Мәжитов Энди Крузға (64 келі) есе жіберді. Ал төртінші болып жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл қарсыласы Ослейс Иглесиас Эстраданы (75 келі) жеңіп, жалпы есепті теңестірді.

Бірақ, соңғы жекпе-жекте 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбол Алтаев өте тәжірибелі боксшы Эрисланди Савонға қарсылық таныта алмады. Кубалық қара маржан біздің Нұрболдан әлдеқайда мықты екенін көрсетті.

Айта кетерлігі, бұл қос команда арасындағы алғашқы кездесу. Енді араға екі күн салып екінші финалдық кездесу өтеді.

Ол жекпе-жектер 28 қыркүйек күні Қытайдың Цзиньцзянь қаласында өтеді. Ол күні шаршы алаңда төмендегі бес жұп жұдырықтасады:

52 келі: Сәкен Бибосынов - Хорхе Гриньян;
60 келі: Закир Сафиуллин - Лазаро Альварес;
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Рониэль Иглесиас;
81 келі: Бек Нұрмағанбет - Хулио Ла Круз;
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Хосе Лардует;

Егер осы бес жекпе-жектен кейін жалпы есеп тең болып қалса, онда жарыс жеңімпазын 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекдәулет Ибрагимов пен Хорхе Моиран Винент анықтайтын болады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522