Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6072 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 15:48

Қызылордада Азаматтық альянс Президент сайлауына байланысты форум өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада Азаматтық альянс қауымдастығы тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру, сайлаушылардың сайлауға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауларына ықпал ету мақсатында «Таңдау жасау - азаматтық борышың» тақырыбында  үкіметтік емес ұйымдардың форумын өткізді.

Еліміздің болашағы, әлеуметтік, экономикалық дамуының бағыты,   әрқайсымыздың келешегіміз сайлаудың нәтижесіне, әрбір азаматтың таңдауына байланысты. Үкіметтік емес ұйымдар жастардың қоғамдық бірлестіктері, азаматтық қоғам өкілдері бұл маңызды саяси науқаннан шет тұрмай,  белсенді қатысып, әртүрлі  шаралар, митинг, жиындар, «дөңгелек үстелдер»,  акциялар өткізуде. Сайлаудың  ашық, әділ, заң  шеңберінде  өтуіне ықпал ету мақсатында  сайлау учаскелеріне байқаушылар белгілеп жіберуде.

Қаладағы А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өткен форум сол жиындардың қорытындысы болды. Оған үкіметтік емес ұйымдар басшылары, белсенділері, еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда «Қызылорда облысы Азаматтық альянсы» қауымдастығының төрайымы Д.Ақмағамбетова «Таңдау жасау - азаматтық борышың» тақырыбында баяндама, «Ақбосаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова «Қазақстанның ұстанымы демократия» тақырыбында хабарлама жасады.

Форумға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша  пікір алысып, облыс тұрғындары, азаматтық қоғам өкілдерінің атына үндеу қабылдады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036