Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3600 0 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 10:09

Қазақстан Өзбекстанмен арада жаңа сауда аймағы мен шекара бекетін ашады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Өзбекстанмен жаңа сауда аймағын және "Түркістан" тексеру-өткізу бекетін ашуды тапсырды. Бұл туралы Түркістан облысын дамытуға арналған жиында хабарланды.

"Орталық Азия" халықаралық сауда аймағын ашу мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл - Түркістан облысының ғана емес, бүкіл республиканың экономикасының дамуына серпін береді. Біз Өзбекстанмен сауда айналымын 2020 жылға таман жылына 5 млрд долларға дейін жеткізе аламыз. Соған байланысты үкіметке халықаралық сауда аймағы мен жаңа "Түркістан" халықаралық тексеру-өткізу бекетін ашу мәселелерін өзбек тарапымен пысықтауды тапсырамын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 8,6 пайызға ұлғайып, 2 миллиард доллар болды. Биыл қаңтар-маусым айларында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 52 пайызға өскен, ал өзбек экспорты 48 пайызға көтерілген.

Көрші елдер биыл сауда айналымының көлемін 3 млрд долларға, ал 2020 жылға таман 5 млрд долларға жеткізуге күш салады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972