Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Талқы 4211 2 пікір 5 Қазан, 2018 сағат 11:05

Енді мұнайды Ресей арқылы экспорттаймыз

Еліміз Грузияға каучук, алюминий және мыс экспорттайды. Екі елдің сауда палаталары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта отандық компания осы елге көпіршіктелген каучук жеткізу туралы келіссөз жүргізуде. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Сондай-ақ шетелдік кәсіпкер «KazMinerals» компаниясынан алюминий мен мыс сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Айта кетейік, еліміз грузиндерге мұнай, азотты тыңайтқыштар, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмек экспорттайды. Ал, Грузиядан шарап, минералды сулар, металл құбырлары, вакциналар мен сүт импортталады. Осы жылы қос ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 67%-ға өсіп,  77 млн АҚШ долларын құрады. Еліміз ашық түсті мұнайды Ресей арқылы экспорттайтын болды.

Бұл туралы Мәскеуде өткен «Ресей энергетикалық апталығы» халықаралық форумда белгілі болды.  Онда қос елдің Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаға қол қойды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Енді қоса құжатқа сүйене отырып,  Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік туып отыр. Ұлттық стандарттарға сәйкес, Қазақстанда әрбір 50 шақырым сайын жанар-жағармай құю бекетін немесе шағын тамақтану пунктін салу көзделіп отыр. Инвестициялар және даму министрлігі жол бойындағы бұрынғы нысандарды ретке келтірумен қатар, жаңа нысандарды салуға басымдық бермек. Қазіргі таңда жол бойындағы сервистерге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте аталмыш сервистердің қызметін сапалы деңгейге шығаруға маңыз беріледі.

Түгендеу қорытындысы бойынша республикалық желіде 1900 нысан барын анықтадық. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 780 нысан \42 пайызы\ ұлттық стандарттарға сай келетіні белгілі болды. Жыл соңына дейін ұлттық стандарттарға сәйкес келетін нысандардың санын 850-ге \45 пайызға\ жеткізу көзделуде. Ұлттық банк «Банкпен ерекше қатынасы бар тұлғаларға жеңілдік жасауға тыйым салу мәселелері туралы» қаулы жобасын әзірледі. Құжат электронды үкімет сайтында жарияланады. Онда, акционерлер мен олардың туыстары үшін кепілсіз несиенің максималды мөлшері көрсетілген. Қаржы ұйымымен жақын қарым-қатынасы бар тұлғаларға меншікті капиталдың 0,2 пайыз мөлшерінде беріледі.

Алайда қарыз сомасы 20 ммллион теңгеден аспауы тиіс. Екіншіден қаржы институттары директорлар кеңесі мүшелеріне және оның беделді үлескерлеріне берілетін несие меншікті капиталдың 0,2% мөлшерінде болады. Ал елімізде тұңғыш рет «әл Хиляль» Ислам банкі» ипотека бере бастады. Жаңа жоба Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындарына қолжетімді. Олар баспана алу үшін, бұрын алған ипотеканы қайта қаржыландыру мақсатында қазірден өтініш бере алады.  Ислам ипотекасының басты құралы Мурабаха дәстүрлі пайыздық мөлшерлеменің жоқтығымен ерекшеленеді, себебі шариғатта бұған тыйым салынған.

Ипотека құрылымы мынадай: банк тұрғын үй сатып алады да, оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге береді, үстеме бағаны клиент алдын ала біледі және қаржыландыру барысында ол тұрақты болады. Мұның негізі ашықтық және пайда: клиент тұрғын үйдің ақырғы бағасын нақты біледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972