Бүгінгі жолдау
1. Мұғалімдер күніне тамаша тарту болды-ау. Қаптап жатқан тексерісін азайтып, мұғалімге қатысы жоқ жұмыстарды істемейтін болды бұлар.
Мұғалімдер! Енді біреу орталық алаңға кісі санын көбейтуге, ұсақ-түйек концерттерге шақырса, шықпаңдар! Елбасының өзі рұқсат берді.
2. Жұмыссыз жүрген жастар да азаяды-ау. Біліксіз маман дайындайтын ЖОО қажеті қанша. 130-дан аса ЖОО бар екен. Тағы да қысқаратын болды.
Ресейге оқуға кетіп жатқандар көп дейді. Орыс ұлтының өкілдері шығар?
3. Ауылдық жердегі дәрігерлерге 20% жалақы қосылады екен. Ол да жөн. Бірақ, содан сапа өссе жарайды.
4. Тұрғын үймен қуантпады енді. Былтырғы бағдарламалары түкке тұрғысыз. Ешкім ол арқылы пәтер алмапты. Алса да өте аз. Алдағы уақытта осы 7-20-25 пе еді? Сол бағдарламаны дұрыстап жүзеге асырыңдар дейді, әй қайдам.
Халыққа тегін үй беруді доғарыңдар дейді.
Көп беріп қойып па екен біздікілер?!
5. Мемлекеттік қызметкердердің ақшасын көбейтеміз дейді. Ол да жөн. Ал, мемлекеттік тіл қайда қалды?
Сосын мемлекеттік қызметкерлер 7 сағатан артық жұмыс істемеу керек дегенді тағы да ескертті. Тамаша ғой. Әйтпесе біздікілер түнге дейін отырады.
8. 2019 жастар жылы болатын болды. Керемет! Біраз дүние жасаймыз, жастарды қолдаса.
9. Өз жеріңді таны және Ауыл - елдің бесігі деген бағдарламалар да тамаша болайын деп тұр.
Мерген Тоқсанбайдың facebook парақшасынан
Abai.kz