Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3209 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 03:29

«Ромат» фармацевтика компаниясы Екібастұзда әлеуметтік дәріхана ашты

ПАВЛОДАР. 4 сәуір.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Ромат»   фармацевтика компаниясы Екібастұзда әлеуметтік  дәріхана ашты,  деп хабарлады  қала  әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл  дәріхана    қала әкімі Александр  Вербняк  пен  «Ромат»    президенті Тұрарбек Рақыш қол қойған  меморандумға  сәйкес ашылып  отыр.    Жаңа  дәріханада   150  дәрілік  препарат меморандумда көрсетілген бағалар бойынша сатылуда.  Ал  қалған дәрілердің  үстеме бағасы  12 пайыздан аспайды.

Дәріхананың ашылу  рәсіміне келген  екібастұздықтар,   осынау  жаңалықты көптен күткендерін, әлеуметтік  дәріхана туралы мәселе Екібастұз әкімінің  есеп беру кездесулерінде көтерілгенін айтты. Ақсақалдар     мәселені    тез шешкені  үшін қала әкіміне  алғыс білдірді.

«Ромат» басшысы Т.Рақыш Екібастұзда  тағы    бір осындай  дәріхана ашу жоспарланып отырғанын  жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2852
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4590