Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3598 0 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 10:51

Өзбекстан Франция азаматтарына визасыз жүйе енгізді

5 қазаннан бастап Франция азаматтары Өзбекстан территориясында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тиісті қаулыға 4 қазанда қол қойды.

8-9 қазанда Өзбекстан президенті Франция президенті Эммануэл Макронның шақыруымен Парижге ресми сапармен барады.

Президент жарлығы Өзбекстан мен Франция арасындағы халықаралық қарым-қатынасты оның ішінде мәдени, ғылыми білім беру саласын дамытуға, инвестициялық климат пен туризм саласын жақсартуға бағытталған деп хабарлайды өзбек президенті баспасөз қызметі.

Өзбекстандық БАҚ-тың жазуынша, Франциядан Өзбекстанға баратын туристер саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен 2016 жылы бұл көрсеткіш 4889 адам болса, 2017 жылы 5748 адамға өскен.

Биылғы жылдың соңғы 8 айында 9172 Франция азаматы Өзбекстанға барған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984