Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
2647 0 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 11:37

Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Нью-Йоркте «Өзгерістер үстіндегі Еуразиядағы Қазақстан» тақырыбындағы инвестициялық конференция басталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Шараға 250-ден астам ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысты, олардың қатарында Backer & McKenzie, Сhevron, GE Transportation Digital, RocketSpace Capital және т.б. бар.

Конференцияның ашылуында Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев алғы сөз сөйледі. Америка Құрама Штаттары қашан да Қазақстанның стратегиялық маңызды серіктесі болды. Америка мен Қазақстан 26 жыл ішінде өзара сенімнің, серіктестіктің теңдессіз деңгейіне қол жеткізді.

«Бүгін мен осы жерге өте маңызды миссияны – Ақ үйде екі елдің көшбасшылары қол қойған келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге келдім. Қазіргі таңда елдеріміз үшін қалыптасып жатқан оң үрдістерге сүйеніп, инновациялар мен білім саласындағы жобаларға көшудің уақыты жетті. Соңғы бірнеше жылда Қазақстан реформалардың елеулі бағдарламасын аяқтады, бұл іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ, елімізді аймақтық әрі жаһандық сауда саласына кіріктіруге жол ашты», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Қазақстанның ақпараттық технологиялар, кен өндіру және металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы тәрізді экономиканың шикізаттық емес секторларында, сонымен қатар, азық-түлік, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінде перспективалары зор. Қазақстанда әртараптандырылған, білімге негізделген экономикаға көшу тұрғысынан цифрландыру бағдарламасы белсенді түрде енгізіліп жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында адам капиталын дамыту, цифрлық үкімет пен цифрлық экономиканы құру, еліміздің барлық түкпір-түкпірін кең жолақты байланыс желісімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, инновациялық экожүйені қолдау бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.

«Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен біз халықаралық АТ-стартаптар технопаркін құрдық (Astana Hub). Бұл АТ-компаниялар, инвесторлар мен басқа да тұлғалар үшін цифрлық дамуды қолдаудағы бірегей мүмкіндік. Оның ресми ашылуы биылғы жылдың 5 қарашасына жоспарланып отыр. Мен сіздерді осы маңызды оқиғаға шақырғым келеді. Америкалық серіктестерімізді біздің ауқымды жоспарларымызды барынша пайдалануға шақырамыз. Біз инвестициялық ынталандыру мен мемлекеттік қолдауды пайдалануға, Қазақстанға инвестициялар салуға әзір баршаны қуана қолдаймыз», — деді А. Жұмағалиев.

Сонымен қатар, конференция алаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев Chevron компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс аймақтарындағы барлау мен кен өндіру жөніндегі президенті Т. Левимен, Theia Group компаниясының бас атқарушы директоры C. О’Ниллмен, Baron Services компаниясының атқарушы вице-президенті Р. Баронмен, RocketSpace Capital компанияның тең иесі Л. Каганмен, Network 1 Financial компаниясының бас атқарушы директоры Р. Хантомспен, W.R. Grace компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры К. Коулмен, сонымен қатар Verno Capital компаниясының инвестициялар жөніндегі бас стратегі Р. Нэшпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Энергетика, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар және сауда саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қазақстандық тараптан кездесулерге сонымен қатар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі Е. Қазыханов, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі А. Қабыкенов, ҚР энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ» басқарма төрағасы С. Тұяқбаев, «ТДҰА» АҚ басқарма төрағасы М. Омаров және басқалары қатысты.

Конференция барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов АХҚО-ның жұмыс істей бастауын және Kazakh Invest-тің инвесторларға қолдау көрсетуге бағытталған халықаралық және аймақтық өкілдіктер желілерінің дамып келе жатқанын ескере отырып, шараға қатысушылармен Қазақстанда халықаралық бизнесті жүргізу және дамыту үшін бар мүмкіндіктерді талқылады.

Дереккөз: ҚР Премьер-Министрінің сайты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984