Аймақтан мина атқыш, көкке атылатын ауыр зеңбірек және зымыран қондырғылары шығарылған. Бірақ аталған аймақта Анкара қолдауына ие оппозиция күштері қала бермек. Олар атыстың тоқталғанын қадағалайтын болады.
Бұл уақытта Идлибтегі ең ірі жиһадшы топ "Тахрир аш-Шам" әлі соғысты аяқтау жөніндегі келісімге қатысты пікірлерін білдірмеді.
Аталған келісім Дамаскінің Идлиб провинциясын әскери күш арқылы толық қадағалауына алмақ болған әрекетінің алдын алды. Әлемдік лидерлер мен БҰҰ өкілдері мұндай операция 3 миллион халқы бар аймаққа үлкен қатер төндіреді деген. Сол кезде АҚШ Сирия президенті Башар Асадқа егер химиялық қару қолданар босла, қарсы соққы береміз деп ескерткен.
Abai.kz