Сенбі, 23 Қараша 2024
2915 5 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:39

Мәскеу Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты

Ресей Бас прокуратурасы қазақстандық бизнесмен Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. Бұл туралы Ертаевтың адвокаты Андрей Петровқа сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсант" басылымы хабарлады. Адвокаттың сөзінше, олар Ертаевтың Қазақстанда қудалануы "заңсыз" екенін дәлелдеген.

"Біз Жомарт Ертаевтың үйқамақтан босатылатыны туралы ресми хат қолымызға тиген соң оны (Ертаевты - ред.) Қазақстанға бермейтініне және барлық қырсық артта қалатынына сенім пайда болды" деген Андрей Петров.

Адвокаттың сөзінше, бұның алдында Ресей билігі Жомарт Ертаевқа босқын мәртебесін берген. Ертаев мамыр айында тұтқындалғаннан кейін Мәскеу қалалық миграция мәселелері жөніндегі бас басқармасына өзіне босқын мәртебесін беру жөнінде өтініш түсірген.

Ресейлік "Тройка-Д Банк" иелерінің бірі 45 жастағы Жомарт Ертаевты мамырдың басында Ресей қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған. 11 мамыр күні Мәскеудің Пресненский аудандық соты прокуратураның Ертаевқа қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, оны үйқамаққа алған.

Қазақстан Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты сырттай Қылмыстық кодекстің 177-бабының 4-тармағы ("алаяқтық") бойынша айыптап отыр.

Қазақстан билігі Жомарт Ертаевты "қазақстандық Bank RBK-нің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған кезінде банктен жалған фирманың атына 80 миллион доллардан астам займ алып беруге және оны қайтармауға көмектескен" деп күдіктенеді.

Мамырда ресейлік БАҚ Жомарт Ертаевтың адвокаты арқылы жолдаған үндеуін жариялаған. Үндеуде Ертаев Bank RBK-да ешқашан жұмыс істемегенін, бұл банктің штатында және акционерлері құрамында болмағанын айтады. Ресейлік "Коммерсантъ" газеті Жомарт Ертаевтың сотта Ресейден саяси баспана және азаматтық беруді мәлімдегенін хабарлаған. Ол өзін қудалаудың саяси астары бар деп білетінін айтқан.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450