Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5361 0 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:46

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне - 15 жыл

Діннің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын түсінген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының форумын өткізу туралы бастама көтерген болатын.

Мемлекет басшысының пайымынша, сенім мен өзара түсіністік негізінде құрылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының диалогы осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың кең перспективаларын ашып, төзімсіздік, кемсітушілік, зорлық-зомбылық, діни экстремизм және терроризм және т.б. қазіргі замандағы теріс көріністерді жеңуге көмектеседі.

2018 жылғы 10-11 қазанда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтеді.

Осылайша, 2018 жылдың 10-11 қазанында Қазақстанның елордасы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI съезі өтеді. Алдағы съездің тақырыбы: «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысады. Олардың ішінде беделді саясаттанушылар, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм діндерінің лидерлері, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, АМЛ (Араб Мемлекеттерінің Лигасы) және т.б халықаралық және  қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Алтыншы Съезд аясында 2 пленарлық сессия және 4 секциялық отырыстар өтеді. Секциялық отырыстардың тақырыбы: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаясаттағы дін: адамзаттың ынтымағы үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін және жаһандану: қатерлер мен жауаптар», «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер экстремизм және терроризмді еңсеруде».

Бұдан бөлек, форум аясында дәстүрлі түрде дін лидерлері кеңесінің үшінші отырысы өтеді.

Съездің ашылуына Сербия Президенті Александр Вуич, «Әл-Азхар» бас имамы Шейх Мухаммед Ахмад Ат-Тайеба,  ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингер,   Аса Қасиетті Патриарх Феофил ІІІ, Аса Мәртебелі Кардинал, Құқықтық мәтіндерді интерпритациялау жөніндегі Папалық кеңестің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмерио, Израилдің бас сефард раввині Ицхака Иосиф  және т.б  қатысуы жоспарлануда.

2015 жылы  өткен  V Съездегі Мемлекет басшысының бастамаларын орындау аясында, іс-шара өтетін күндері Бейбітшілік және Келісім мұражайы ашылады, сондай-ақ, дінаралық диалог пен форум жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін  Астана халықаралық сыйлығы және Съездің Құрмет грамоталары табысталады.

Еске сала кетейік, алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен болатын.

Съезд 15 жыл ішінде конфессияаралық және дінаралық қатынастар мәселелерін талқылауға арналған беделді халықаралық алаңға айналды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында ұлттық консенсустың және қоғамды біріктірудің үлгісін көрсе білді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада  әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454