Сенбі, 23 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 3234 0 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 10:00

+2 сенатор

Сенат депутаттарының сапына Шымкенттен тағы екі депутат қосылды. Орталық сайлау комиссиясы 8-қазанда Шымкенттен Сенаттың екі депутатын тіркеді. Су жаңа депутаттар - Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы дүниеге келген. Түрлі салады қызмет еткен. "Нұр Отан" партиясының құрамында болған. Дереккөздерге қарағанда, ол 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болған, 2011 жылы премьер-министрдің Кеңсесінде әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Шымкенттің бұрынғы әкімі және ОҚО әкімінің бұрынғы орынбасары ретінде танымал.

Нұрлан Бекназаров 1964 жылы туған. Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болған, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Нұрлан Бекназаров кей жылдары "Санур" компаниясының вице-президенті және "ТрансОйл" ұйымы басшысының орынбасары болған. Сайлау Шымкентте 5 қазанда өтті. Сайлауға 6 үміткер түсті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауды өтті деп таныды. Сайлауға 9 үміткер ұсынылып, сегізі тіркелді. Екі үміткер өз еріктерімен үміткерліктен бас тартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446