Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3116 0 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:29

Қырғызстан Қазақстаннан әкелінетін тауық етіне шектеу қойды

Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын тауық етіне уақытша шектеу қойды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мәлімдеді.

Мекеменің баспасөз хатшысы Рахат Садырбекованың айтуынша, бұған себеп көрші өлкемен шектесетін аймақта құс тұмауы індетінің жоғары болуы себеп болған. Осыған орай қазақ тарабына жағдайды анықтау үшін, ресми сұрау жіберген.

Қазақстанның ветеринарлық қызметінің жауабына байланысты шектеу алынып тасталмақ, не ұзартылмақ.

«Жағдайды толық анықтау үшін, уақытша шектеу қойылды. Шешім қазақ тарабының ресми жауабына байланысты болмақ. Егер көрші елдегі жағдай соншалықты қауіпті болмаса, шектеуді алып тастаймыз», - деді Садырбекова.

Сонымен бірге санитарлық инспекция әлеуметтік желіде таралған құс етінен Ньюкасл індеті табылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2059
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4121