Сәрсенбі, 19 Желтоқсан 2018
480 0 пікір 11 Қазан, 2018 сағат 14:16

Алматы – Астана Қазақстандағы халық ең көп ұшатын әуе бағыты

Биыл Қазақстанның азаматтық авиация саласы өсімінің қарқыны сақталып келеді. 2018 жылдың 8 айында жергілікті әуежайлар 9,2 млн. адамға (болжамды дерек) қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық (8,4 млн. адам). 2018 жылдың 8 айында әуе жолаушылар тасымалының өсімі 15%-ды құрады немесе 5,5 млн. адамға жетті (2017 жылдың 8 айында - 4,8 млн. адам). 

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әуе тасымалының ішкі нарығында «Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр», «Qazaq Air», «Жезказган Эйр», «Жетісу», «Южное небо» сияқты 7 қазақстандық әуе компания жұмыс істейді. Ішкі нарықтағы халық ең көп ұшатын Алматы – Астана – Алматы әуе бағыты. Бұл маршрут бойынша екі бағытқа 4 әуе компания («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр», «Qazaq Air») аптасына жиілігі 274 рейс орындайды. Орташа есеппен Астанадан Алматыға және кері ұшуға болатын күнделікті 19 рейс бар. Екінші халық көп ұшатын Алматы – Шымкент – Алматы бағыты. Бұл маршрут бойынша екі бағытқа 4 әуе компания («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр», «Qazaq Air») аптасына жиілігі 62 рейс орындайды. Үшінші орында Астана – Шымкент – Астана маршруты. Бұл бағытта 3 әуе компания («Эйр Астана», «SCAT», «Бек Эйр») аптасына жиілігі 60 рейс орындайды.

Қазақстан Республикасында халықаралық нарықта жолаушылар тасымалдайтын 25 шетелдік және 2 қазақстандық әуе компания бар. Халықаралық бағытта ең көп қолданылатын Алматы – Мәскеу – Алматы маршруты. Бұл екі бағытқа екі әуе компания («Эйр Астана», «Аэрофлот») аптасына 60 рейс орындайды.

Екінші халық тарапынан сұранысқа ие Астана – Мәскеу – Астана маршруты. Бұл екі бағытқа екі әуе компания («Эйр Астана», «Аэрофлот») аптасына 48 рейс орындайды. Үшінші орында Алматы – Стамбул – Алматы маршруты. Бұл екі бағытқа екі әуе компания («Эйр Астана», «Turkish Airlines») аптасына 34 рейс орындайды.

Abai.kz

0 пікір