Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәрекелді! 3522 7 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 10:59

"Хабар" арнасы күн сайын әлемдік фильмдерді көрсетпек

15 қазаннан бастап күн сайын сағат 22.20-да «Хабар» телеарнасында әлемдік кинолардың көрсетілімі басталады. Көрермендер «Агенты А.Н.К.Л.», «Безумный Макс», «Одиннадцать друзей Оушена», «Двенадцать друзей Оушена», «Тринадцать друзей Оушена», «50 первых поцелуев»,  «Тихоокеанский рубеж» және басқа да ең үздік картиналарды жарнамасыз тамашалайды.

15 қазаннан бастап «Жұмбақ жандар» телехикаясы көрерменнің сұранысы бойынша «Большая маленькая ложь» атауымен орыс тілінде шығады. Әр бөлімнің ұзақтығы 45 минуттан 60 минутқа дейін созылады. Көрсетілім уақыты – 21.30.

«Жұмбақ жандар» бұл төрт әйелдің тағдыры жайлы туынды. Ойя, Мерве, Пелин және Арзудың ұзақ жылдар бойы жасырған құпиясы бар, алайда Ойяның оралуымен сырлар ашыла бастайды. Мектеп кезінде Ойяға жалған жалау жауылып, елден кетіп қалған. Арада 20 жыл өтседе ол мұны ұмыты алмайды. Сондықтан кек алуға келген. Ескі достар өзара жанжалдасып, соңында бір адам көз жұмады. Аға комиссар Кемаль және оның көмекшісі Дерья осы істің ақиқатына жетпек.

«Детектив әже» - комедиясы енді сағат 18.45-те шығады. Оқиға желісі бойынша Мұрат Алматы қаласында қылмыскерлермен күресіп жүрген полиция қызметкері. Ауылдастары оны қадірлейді, ал, Гүлдана апа немересін мақтан тұтады. Гүлдана апа 70 жылдығын тойлап, мерейтойға немересі Мұрат та келеді. Осы кеште Мұраттың полиция емес, кішігірім рөлдері сомдап, ақша туып жүргені білгілі болады. Абыройынан айрылғысы келмеген әжей немересін ауылға детектив қызметіне орналастырады. Алайда жігіт ешқашан тергеуші болмаған. Сондықтан Гүлдана апа өзі жұмысқа кіріседі.

«Аға» телесериалының көрсетілімі 19.15-ке ауыстырылды. Драманың сюжеті бойынша полиция қызметкері Боран қылмыскерлердің қолындағы қарындасын іздеп жүріп, әйел саудасымен айналысатын қылмыстық топқа жолығады.

29 қазаннан бастап сағат 19.15-те «Қарлығаш ұя салғанда» мелодрамасы көрерменге жол тартады. Бұл 32 жастағы Қарлығаш деген қыздың тағдырынан сыр шертетін телехикая. Қарлығаш жұмыста табысты, өзінің үлкен үйі бар, салауатты өмір салтын ұстанады. Алайда жеке өмірі сәтсіз. Ата-анасы оған тұрмыс құру керектігін жиі айтады. Бір күні ол көрші үйде сымбатты зергер өмір сүретінін байқайды. Тасқын жалғыз басты әке, үш қызы бар, әйелі көз жұмған. Бірде ол жұмысында жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға кетеді. Кетер алдын  Қарлығашқа қыздарына қарау туралы өтініш білдіреді. Басында бас тартқан Қарлығаш, кейін келіседі.

Abai.kz

 

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511