Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 9 Сәуір, 2011 сағат 04:54

«Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 9 сәуір, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Президенті қызметіне кірісу салтанаты өтіп, онда Ұлт көшбасшысы сөз сөйледі. «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік санында Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі «Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын» деген тақырыппен берілді. «Мен үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Мемлекет басшы­лығына  бүкіл халықтың атынан сай­ланып, ғажайып көпұлтты Отанымның Көшбасшысы мис­сия­сын жалғастыру үлкен абырой. Мен барлық қазақстан­дық­тарға өткен сайлауда шынайы қол­дау көрсеткендері үшін ақ жүректен шыққан ризашы­лы­ғымды білдіремін», - дейді Н.Назарбаев.

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 9 сәуір, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Президенті қызметіне кірісу салтанаты өтіп, онда Ұлт көшбасшысы сөз сөйледі. «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік санында Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі «Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын» деген тақырыппен берілді. «Мен үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Мемлекет басшы­лығына  бүкіл халықтың атынан сай­ланып, ғажайып көпұлтты Отанымның Көшбасшысы мис­сия­сын жалғастыру үлкен абырой. Мен барлық қазақстан­дық­тарға өткен сайлауда шынайы қол­дау көрсеткендері үшін ақ жүректен шыққан ризашы­лы­ғымды білдіремін», - дейді Н.Назарбаев.

«Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы оты­ры­сында сөз сөйлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына Қа­зақстан Республикасы Премьер-Министрінің лауазы­мы­на кандидатураны ұсынды», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Екінші мәрте сенім көрсетілді» деген тақырыптағы мақаласында. «Еліміз Конституциясының 56-бабына сәй­кес, Мәжілістен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Премьер-Министрі лауазымына Кәрім Қа­жым­қанұлы Мәсімовтің кандидатура­сын та­ғайындауға келісім беруді сұраймын», - деді Президент. Талқылаудан соң Парламент Мәжілісі депутаттарының дауыс беру рәсімі өтті. Қатысып отыр­ған 104 депутаттың 104-і Қазақ­станның Премьер-Министрі лау­а­­зы­мына К.Қ. Мәсімовті та­ғай­ын­дауға келісуді қолдап дауыс берді.

***

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, елімізде көлік ұрлығы көпті алаңдатып отыр. әсіресе көлік ұрлау оқиғалары Алматы қаласы мен облысында, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды өңірінде өршіп тұр. «Дерек көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы елімізде 14 мың көлік қолды болған екен. Ал өткен жылдың небәрі алты айында Алматы қаласында 200-ге жуық көлік ұрланған. Оның үстіне, қолды болған көліктердің 20 пайызы табылмайтын көрінеді», - деп жазады басылым. Мақалада көтерілген мәселе жайында тереңірек білгіңіз келсе, «Көлік ұрлығы қызып тұр» деген мақалаға назар салыңыз.

«Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында Ресейдегі Қазақ мәдени орталықтары федерациясының төрағасы Тоқтарбай Дүйсенбаевпен арадағы сұхбат «Ресей қазақтарының 90 пайызы Абайды білмейді» деген тақырыппен берілген. Сұхбат барысында жыл сайын Ресейден қазақ тілін үйреніп, ұлттық салт-дәстүрмен танысу үшін он шақты баланы уақытша Қазақстанға жіберетіндіктерін, алайда бұл санның мардымсыз екендігін атап өткен ол: «Әр жазда туған Отанына 100-200 баладан жіберіп тұратын болсақ, балаларымыз тез қазақыланатын еді. Егер сол жүз баланың ішінде, ең болмағанда, жартысы Абайды, Мағжанды танып қайтса, біз үшін үлкен жетістік болар еді», - дейді.

***

Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметін ең ұзақ басқарған премьер-министр ретінде ғана емес, енді екі мәрте осы орынға тағайындалған басшы ретінде де есте қалмақ. «Дағдарысқа қарсы» үкіметтік команданы басқарып, премьерлік қызметте тапжылмай төрт жыл табан тіреген Мәсімовтің үкімет басында ұзақ қалуының сыры неде?» деген сұрақ жұртты ойға қалдырары анық. Осыған орай «Айқын» газеті  Халықаралық тәуекелді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев пен Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың пікірін білген. Назар салыңыз, екі саясаткерден алынған шағын сұхбат «Мәсімовтің қайта тағайындалуының мәні неде?» деген тақырыппен жарияланды.

«Біріккен Араб әмірлігінің Әбу-Даби қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың белді балуандарының басын қосқан жарыс тартысты өтті. Әр мемлекеттен ат терлетіп келген майталман мамандар мен қатардағы қарапайым көрермендерге дейін чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Ал белдесуге бел буғандар арасынан біз Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары және құрлықтық додаларда олжа салған сақа спортшыларды көптеп кездестірдік», - деп жазады «Айқын» газеті. Мақала «Азия чемпионаты аяқталды» деген тақырыппен берілген.

***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың атына мемлекет, үкімет басшы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңісіне бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде. Солардың бірпарасы «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Мәселен,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин құттықтады. Құттықтауда: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Дауыс беру нәтижесі Сіздің Қазақстан халқы алдындағы жоғары беделіңізді толықтай дәлел­деді. Мемлекеттің құрылуында тамаша жеңістер, сезіліп отырған экономикалық ілгерілеушілік және Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму жылдарында қол жеткізілген азаматтардың өмір сүру жағдайының жақсаруы Сіздің атыңызбен тікелей байланысты» делінген.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608