Сенбі, 23 Қараша 2024
2732 0 пікір 19 Қазан, 2018 сағат 10:28

Елбасы Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті

Мемлекет басшысы Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия – Еуропа» (АСЕМ) форумы ХІІ саммитінің ашылу рәсіміне келген соң Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті.

Мемлекет басшысы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл толғанын және осы кезең ішінде қажетті бүкіл шарттық-құқықтық база қалыптасқанын атап өтті.

– Бүгінгі кездесуіміздің арқасында Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Біздің елімізде Францияның ондаған компаниясы жұмыс істеуде, өзара тауар айналымының көлемі 5 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.

Э.Макрон Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңындағы осы кездесудің символдық мәні зор екенін атап өтті.

– Президент мырза, Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Мен президенттік қызметке келгеннен бері алғаш рет жүздесіп отырмыз. Сізбен бірқатар мәселені талқылап, көзқарасыңызды білгім келеді, – деді Франция басшысы.

Өзара сенім жағдайында өткен кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемалар жөнінде ашық пікір алмасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512